Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты ел халқына арнаған жаңа Жолдауының басты ерекшелігі – Мемлекет басшысының қарапайым азаматтардың мұқтаждықтарына назар аударуында деп санаймын.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы еліміздің одан әрі даму бағытын айқындайтын бағдарламалық құжатқа айналғаны қашан. Менің ойымша, биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – Президенттің республиканың қарапайым азаматтарының мұқтаждықтарына назар аударуында. Бұл ең төменгі жалақыны көтеру және жұмыс берушілерді жалақы төлеуге ынталандыратын «ұтымды» шаралар қолданумен байланыстырылды. Ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтеріледі.
Бұл тұрғыда, азаматтық қызметшілердің де жалақысы көтерілетініне қуаныштымын, өйткені, мемлекеттік аппараттың қызметін техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық жұмыс солардың иығына түседі.
Президенттің цифрлық технологияларды дамыту жөніндегі бастамаларын да ерекше атап өту қажет. Технологиялық процестерді жаппай цифрландыру мен автоматтандыру ғана Қазақстанның жедел даму мүмкіндігін, оның әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіруін қамтамасыз ете алатынына сенімдімін. Ол үшін баршамыз жақсы жұмыс істеп қана қоймай, белгілі бір тұрғыда өз жұмысымызды қайта қарастырып, оған жаңа көзқараспен қарауымыз керек. Барлық жерде жаңа технологияларды енгізіп қана қоймай, оларға деген көзқарасымызды да өзгерту керек.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауының соңында: «Біздің мақсаттарымыз айқын, бағытымыз белгілі. Мықты мемлекет болу үшін ұлттың ұйыса білуі айрықша маңызды. Шын мәнінде, ұйымдасқан ұтады. Біздің күш-қуатымыз –
берекелі бірлікте. Ендеше, бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек етейік» деп атап өтті. Бірлігі жарасқан ақмолалықтар үшін Жолдауда көрсетілген мақсат-міндеттер мен бастамаларға қол жеткізу қиын болмайды деген ойдамын.
Яков СТЕРЛИГОВ,
«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру орталығы» акционерлік қоғамының атқарушы директоры, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі.
Бурабай ауданы.