Аймақтық өлкетанушылар форумы өтті

Ақмола облыстың ішкі саясат басқармасының мәліметінше, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Туған өлкем – тұғырым» атты өлкетанушылардың өңірлік форумына  қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова құттықтады. Ол өз сөзінде аталған іс-шараны өткізудің маңыздылығына тоқталды.

«Форум ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында өткізіліп отыр. Тұрғындардың, бірінші кезекте жастардың өз отанының тарихына деген қызығушылығын жандандыру өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеудегі маңызды бағыт болып табылады. Бүгінде тарихи-өлкетану экспедицияларының, мұражай алаңдарының мүмкіндіктерін белсенді пайдалану, үздік жобаларды гранттармен ынталандыру, зерттеу нәтижелерін цифрландырумен айналысу қажет. Форум облыстың мәдени өміріндегі маңызды оқиға, сондай – ақ тиімді кәсіби диалог пен тәжірибе алмасу үшін жақсы алаң болатынына сенімдімін», – деп атап өтті Айна Мысырәлімова.

Шарада өңірде өлкетанудың қалыптасуы мен даму бағыттары туралы қоғам қайраткері, Қазақстан тарих академиясының академигі, «Абылай ханның қара жолы» экспедициясының жетекшісі Мұрат Ыдырысов, өлкетанушы, мұрағат қызметінің ардагері Гүлбаршын Салық, өлкетанушы Павел Косович, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің докторанты Талапкер Уәлиев баяндама жасады.

Форум аясында мәдениет мекемелерінің қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Көп жылғы еңбегі мен осы саланы дамытуға қосқан үлесі үшін Атбасар тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Анар Ілиясова, Степногор тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Майра Нұржанова «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен, өлкетанушы Гүлбаршын Салық және музей қорының сақтаушысы Гүләйім Әгубаева Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің негізін қалаушы Хохлов атындағы медальмен марапатталды.

Шара соңында қатысушылар үшін облыстық тарихи-өлкетану мұражайының залдары бойынша экскурсия өткізілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар