Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Болашағымыз – ана тілінде - АРҚА АЖАРЫ

Болашағымыз – ана тілінде

Ата-бабаларымыздан қалған аса бағалы құндылығымыз – тіл. Мемлекеттік тілдің мәртебесі тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде өз қасиетін жойған емес.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсын, қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге сіңіп, бойында қалыптасады. Тіл – әрбір елдің ұлттық мақтанышы, атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға міндетті. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Менің ана тілім – қазақ тілі. Қазақ тілі елімізде мемлекеттік тіл екенін мақтанышпен айта аламын.
«Ана тілі халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі», – деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, елін, жерін сүйетін әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі болуы керек. Әрбір ұлттың жаны да тіл. Ұлттың болашағы оның ана тілінде. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.
Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздар мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы шарт. Әлемдегі алып елдердің санатына енуді көздеген біздің елдің басты мақсаты да – сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ол дегеніміз өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Еліміздің болашағы оның ана тілінде екенін әр бала сезініп өсуге тиіс. Сондықтан, тіл тағдыры –
ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық.
Ата Заңымыздың 7-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп анық жазылған, «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңында да осы жағы жете қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарды жүйелі жүзеге асыру, туған тілдің абыройын асқақтату –
әрбір адамзаттың абзал борышы екенін ұмытпау. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымыз, салт-санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр.
Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Егеменді ел болып, ес жия бастаған күндерден мемлекеттік тілдің дәрежесін биікте ұстау қасиетті міндетіміз болды. Бұл мерейлі істе біраз жұмыс атқарылды, десек те, кемшіліктер әлі көп. Соның ең бастысы – қазақ болып өз ана тілімізде сөйлеуіміз. Осыған тағы бір саналы түрде ой жүгіртіп, өз-өзімізге сын көзбен қарай білсек екен. Өйткені, біздің болашағымыз – осы ана тілінде!
Айнагүл ЖАНГУЛИНА,
Ақмола облыстық әділет департаментінің әкімшілік-құқықтық бөлімінің жетекші маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар