Алдымен мамандар даярлау ісіне көңіл бөлуіміз керек

Әрине, мен энергетика саласында 40 жылға жуық тәжірибесі бар энергетик ретінде Президенттің елімізде атом электр стансасын салу қажеттілігі туралы ойын толығымен қолдаймын. Өйткені, АЭС – көміртексіз энергетиканың ажырамас бөлігі. Одан бас тарту – эволюция мен өркениеттен бас тарту деген сөз. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 2060 жылға қарай көміртегісіз өндіріс болатынын, ал, біздің мақсаттарымызға қол жеткізу үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту керектігін атап өтті.

Бүгінде атом энергиясы күн, жел және гидроэнергетикамен бірге болашақ қазақстандық энергетикалық баланстың негізі бола алатын «жасыл алаңды» құрайды.
АЭС-тың құрылысы ұзақ уақыт бойы қозғалып жүрген күрделі мәселелердің бірі, өйткені, электр стансаларының негізгі генераторлық қондырғыларының үштен екісінен астамының парк ресурсы тозғанын білеміз. Ал, ел бойынша электр желілерінің орташа тозуы 60 пайыздан асады. Мысалы, Ақмола облысында бұл көрсеткіш 80 пайыздан асып тұр. Осы жағдайды ескере отырып, біздің елімізді энергетикалық құлдыраудан тек бір ғажайып қана құтқарып тұрған сияқты.
Бұдан басқа, атом электр стансасын салмас бұрын, ең алдымен, қажетті кадрлық әлеуетке аудит жүргізу керек. Өйткені, мұндай стратегиялық объектіні салу ядролық және радиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, оларды іске қосуды және пайдалануды қамтамасыз ете алатын көптеген мамандарды талап етеді. АЭС штаттарын жасақтау кезінде бірінші кезекте дайындалған жедел персонал мен реакторлар мен турбиналарды басқару жөніндегі жетекші инженерлер тапшы болады. Күн сайын энергия өндіруші және энергия таратушы кәсіпорындары кадрлардың тапшылығы сияқты проблемаға тап болып, соның салдарынан кәсіпорындар жақсы мамандардың өткір жетіспеушілігін бастан кешуде.
Сонымен қатар, дәстүрлі оқыту әдісімен университеттер тек теориялық білімі бар жас мамандарды оқытып шығарады. Университеттер ескірген технологиялармен оқытады, сондай-ақ, елімізде арнайы атом энергетикасына оқытатын ұстаздар жоқ екенін жақсы білеміз. Ал, өндірісте олардың бейімделуі басталады, өйткені, маманнан біліммен қатар тәжірибе мен іскерлігі қажет. Өндіріс неғұрлым күрделі болса, соғұрлым ұзақ бейімделу болады.
Бұл факт халықаралық оқыту тәсілін қолдана отырып, мамандарды даярлау процесін қайта қарауды талап етеді деп санаймын. 5, тіпті 10-15 жыл ішінде кадр-лар дайындау мүмкін емес. Біз қандай да бір негізін қалаймыз, бірақ, АЭС сияқты жобада өте маңызды тәсіл қажет. Мұндай жобаны жүзеге асыру үшін 50-ден 100-ге дейін жоғары білікті мамандар қажет болады. Бір сөзбен айтқанда, біздің кадрларымыздың АҚШ, Ресей, Жапония, Франция және тағы басқа елдерде тәжірибеден өту мүмкіндігі болуы үшін мемлекеттің ойластырылған кадрлық сая-саты болуы қажет деп санаймын.

Досымхан Аралбаев,
«Көкшетау Энерго»серіктестігінің
бас директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар