Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балалар әдебиеті – ұлт болашағы - АРҚА АЖАРЫ

Балалар әдебиеті – ұлт болашағы

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында биылғы жылы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға тағы да бір топ таңдаулы кітаптар іріктеліп алынды.

Атап айтқанда, «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» ұранымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік туындысы ұсынылды. Оның ішінде балалар әдебиетінен 6 жазушының кітабы жыл кітабына енді. Соның бірі Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн» атты шығармасы.
Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасы осы акция аясында балалар жазушысы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Толымбек Әбдірайыммен «Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» атты онлайн кездесуін өткізді. Әр сөзінде ғибрат пен тәлім, шындық пен жүрек сыры бар балалар жазушысы жас оқырмандарға «Алабұға аулаған күн» кітабының жарыққа шығу тарихы, өзінің балалық шағы, кітап оқуға неше жасынан құмар болғаны, әдебиеттегі жазушылық қадамы, жазған туындылары жайлы әңгімелеп берді.
Жас оқырмандар сүйікті жазушыларымен оқыған әңгімелері туралы пікірлерімен бөлісті. Балалар тақырыбына өнімді жазып жүрген белгілі қаламгермен кездесуден кітапхананың жас оқырмандары – Көкшетау қаласының №6 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушылары үйлеріне үлкен әсер алып тарады.

Бақытжан АЙДОСОВА,
Көкшетау орталық қалалық
балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар