Зияткерлік ойын көңілден шықты

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері арасында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері күні аясында зияткерлік ойын болып өтті.

Зияткерлік ойын кезінде университеттің әр факультетінің студенттері командаларға топтасып, Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихына арналған сан-сауалдарға жауап беріп, өздерінің білімдерін ортаға салды. Қазақстан Республикасының егемендік алған жылдардан бергі тарихына қатысты сұрақтарға жауап беруден бөлек, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу деңгейлерін де көрсетті. Ойындарды өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар басты назарда болды.
Зияткерлік сайысында жан-жақты білімділіктерімен көзге түскен гуманитарлық-педагогикалық факультетінің студенттері 1-ші орынға ие болып, жеңімпаз атанды. Жүлделі 2-орынды заң факультетінің, ал, 3-орынды инженерлік-экологиялық факультеттің студенттері өзара бөлісті. Жүлделі орындарға ие болған командаларға сертификаттар мен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар