Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолдаудың орындалуына белсене ат салысамыз - АРҚА АЖАРЫ

Жолдаудың орындалуына белсене ат салысамыз

«Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы білім беру мәселелеріне кеңінен тоқталды. Қашықтықтан оқытудың қорытындысы шығарылды. Ұлттық телекоммуникация желілерінің тиімділігі жеткіліксіз екендігі айтылды. Бастапқы, қарапайым білімі жоқ көптеген оқушылар пайда болғаны да ұмыт қалған жоқ.

Балалар оқудың қажеттілігін сезінбей отыр. Біздің білім қолжетімді және инклюзивті болуы керек.
Қашықтықтан оқыту мәселесі біздің өңірде де бар. Бұл білім беру бағдарламаларын жақсарту, интернеттің сапасы және тағы басқа мәселелер. Қашықтықтан оқытудың бірқатар мәселелері бойынша ата-аналар қауымдастығы тарапынан әділ сын айтылды. Білім беру мекемелері, мұғалімдер, уәкілетті органдар болашақта қателіктерге жол бермеу үшін өз жұмысына түзетулер енгізуі тиіс. Президент дарынды балалармен жұмыс жасауға баса назар аударып, қазақстандық мектеп оқушыларының халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болғанын атап өтті.
Облыста дарынды балалармен белгілі бір жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді. Бұл ретте айта кету керек, пәндер бойынша өткен республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша облыстың мектеп оқушылары нашар нәтиже көрсетті. Оқушыларды олимпиадаға дайындау тұрғысынан әр мектептегі іс-шараларға талдау жасау қажет. Мен Мемлекет басшысының мұғалімдерді үш жылда бір рет қайта даярлау туралы ұсынысын қолдаймын. Білім беру жүйесі тез өзгеруде, жаңа тенденциялар мен идеялар пайда болды. Бес жыл бұрынғы білім жүгімен әлемдік жарыста артта қалуға болады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдегі мектептердегі орындардың тапшылығына назар аударды. Бүгінде 225 мың оқушыға орын жетпейді. 2025 жылдың соңына дейін республикада 1000 мектеп салу міндеті тұр. Бұл мәселе Ақмола облысына да тән. Бұл мәселе әсіресе, Целиноград ауданында, Қосшы қаласында өткір тұр. Мемлекет тарапынан мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке үлкен артықшылықтар беріліп отырса да, әзірге жеке бизнес жаңа мектептердің құрылысы мен ашылуында соншалықты белсенді емес.
Мемлекет басшысы сұранысқа ие мамандықтар бойынша студенттердің 100 пайыз ақысыз біліммен қамтылуы керектігін айтты. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне бұрын-соңды болмаған мемлекеттік көмек өңірдегі колледждердің мысалында көрінеді. Колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға миллиардтаған қаржы бөлінді. Біздің бірқатар колледждерде бүгінгі күні облыс кәсіпорындарында жоқ жабдықтар бар. Елбасы жоғары білім мен ғылым бойынша бірқатар мәселелерді көтерді. Мемлекет басшысы білім берудің алдында ауқымды міндет тұрғанын – жаңа тенденцияларға ілесіп қана қоймай, бір қадам ілгерілеу, үрдістер тудыру қажет екенін атап өтті. Біздің департамент те осы міндеттерді өз құзыреті шегінде шешетін болады.

Серік АЛТАЕВ,
Ақмола облысының білім
сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар