Тілдер онкүндігі мәресіне жетті

«Көкшетау» мәдениет сарайында облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған салтанатты жиынға қатысып, құттықтау сөз сөйледі және бір топ тіл жанашырларын облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы қаулысына сәйкес 5 қыркүйек ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай, Қазақстан халқы тілдері күні деп белгілеген болатын. Облысымызда сол күннен Тілдер онкүндігі де бастау алып, осы жиында қорытындысы шығарылды.
Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, бүгінде облыс тұрғындарының 76 пайызы қазақ тілін меңгерген. 5,1 пайызы үш тілде еркін сөйлей алады. Облыста қазақ тілінде оқытатын 155 мектепте 63 мыңнан астам оқушы және 270 балабақшада 20 мыңнан астам бүлдіршін қазақ тілінде білім алып, тәрбиеленуде. Сонымен бірге, өңірде қазақ тілінде білім беретін 2 колледж жұмыс істейді. 2003 жылдан бері іске кіріскен мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында 35 мыңнан астам тыңдаушы қазақ тілін оқыған. Облыстық телеарнаның 70 пайыз бағдарламасы қазақ тілінде жүргізіледі.
Салтанатты шарада облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Дулат Қоспанов пен Аршалы ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Руслан Маханов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталғандар ішінде Есіл ауданы ауруханасының дәрігері Орынбек Қайсарбеков, Атбасар аудандық «Тіл және мәдениет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сайлаубай Басманов, тіл жанашыры Марал Жақыпова, балалар жазушысы Рауша Мұханова, Жарқайың аудандық сотының бас маманы Әлия Әубәкірова, тағы басқалары бар. Сонымен қатар, облыстық онлайн байқаулар мен конкурстардың жеңімпаздары да ұйымдастыру алқаларының дипломдарына және Алғыс хаттарына ие болды.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар