Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді

2021 жылдың 24 қыркүйегінде «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнін» өткізеді. Қазіргі уақытта барлық зейнетақы жүйесін дамытудың маңызды міндеттерінің бірі – зейнетақыны жос-парлау болып табылады.

Жасыратыны жоқ, қазір 25 жасқа толмаған жастар өздерінің қарттық шағы туралы
сирек ойланады. Алайда, уақыт өте тез өтеді. Сондықтан, болашақта өз келешегіңізге салған инвестицияның пайдасын көру үшін зейнетақыңызды жастайыңыздан жоспарлау қажет.
Биылғы жылы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің жиырма үшінші атаулы күнін атап өтуде. Осы уақыт ішінде еліміздің жаңа азаматтарының тұтас ұрпағы дүниеге келіп, өсіп-өнуде. Олардың әрқайсысы жақын арада зейнетақы жүйесінің қатысушысы болуға дайындалуда немесе қазірдің өзінде қатысушысы болып үлгерген. Жастар енді ортақ төлемдерді алмайтын болады. Десек те, олардың болашақта ата-аналарына немесе ата-әжелеріне қарағанда лайықты зейнетақы алуларына мүмкіндіктері бар.
Қазіргі жастар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің толық цикліне қатыса алады. Ол – 40 жыл және одан жоғары уақыт. Бүгінгі студенттер, ертеңгі жас мамандар үшін тұрақты жарналар аударумен қатар жұмыс берушімен жасалатын еңбек шарты және ресми жалақы өздерінің болашақта табысқа жетулерінің кепілі екенін білу маңызды.
Іс-шара барысында оған қатысушылар «зейнетақы калькуляторының» көмегімен, жеке мысал арқылы келешек қарттыққа бүгінгі күннің өзінде қалай әсер етуге болатынына көз жеткізе алады.
Жастардың үйден шықпай-ақ, іс-шара тақырыбы бойынша ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты өзге де сұрақтарға жауап алуға мүмкіндіктері болады.
Колледж, жоғары оқу орындарының студенттерін және жастарды біздің іс-шарамызға шақырамыз! Ешкім де жалықпайтын болады!
«Ашық есік күні» онлайн-форматта
24 қыркүйек күні сағат 10:00-де, 12:00-де және 15:00-де өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бо-йынша өту керек www.bit.ly/enpfakmo. Содан кейін event-мәжіліс нөмірі: 2515 655 2411 мен event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 1234.
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары мен алушыларын, барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» асыға күтеді!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар