Вакцина алғандар қатары көбейсе, індет кейін шегінер еді

Ақмола облысында өткен тәулікте жаңадан 135 адам коронавирусқа шалдықты. Ал, барлығы осы індеттен 533 науқас ем қабылдап жатыр. Жағдай сәл жеңілдегенімен, арқаны кеңге салуга болмайды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 20 қыркүйектегі коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация туралы мәліметтерге көңіл аударсақ, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жасауда жыл басынан облысқа барлығы 653 675 доза вакцина алынған. Олар, Sputnik V – 510085, QazVak – 10990, HayatVax – 61000, CoronaVak – 48000, VeroCell-23600 дозалық екпелер. Оның ішінде 340 450 доза бірінші компонентті вакциналар болса, 31322-сі екінші компонентті вакциналар. Жалпы, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап, бірінші компонент 277500 адам вакцинацияланған. Тарқата айтсақ, оның 102212-сі қалалықтар болса, 175285-і ауыл тұрғындары. Ал, екінші компонентпен 240859 адам екпе алған.
Қазіргі таңда облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының 19362 жұмысшысы вакцинацияланған. Оның ішінде 7477-сі магистральдық кәсіпорындардың қызметкерлері болса, 89 пайызы мұғалімдер, 50 пайызы студенттер және мемлекеттік қызметшілер мен созылмалы аурулары бар адамдар 100 пайыз екпе алған.
Облыста 133 вакцинациялау орталығы мен 135 мобильді топ құрылып, жұмыс істеуде. Ал, тұрғындарға вакцинация жасау бойынша 200 дәрігер мен 391 медбике тартылған. Сонымен қатар, вакцинация жасау үшін 11 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Олар Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград аудандарында ұйымдастырылған. Бүгінде құны 13,5 миллион теңгеге тоңазытылған жүк көлігін (авторефрижератор) сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Әлі де болса, санитарлық режимді қатаң сақтауды тоқтатпай, маска киіп, залалдандырғыш құралдарды пайдалана отырып, вакцина алу арқылы, өзіміздің де балаларымыздың да денсаулығын ойлағанымыз дұрыс.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар