Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары ресми түрде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде бекітілген.
Мемлекеттік қызметшілер жұмыс кезінде және жұмыстан тыс уақытта басшылыққа алынатын негізгі қағидалар мен нормаларды білуі тиіс, сондай-ақ, қолайлы мінез-құлықтың шегін білуі керек. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші мемлекет мүдделері мен азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұруға, заңда белгіленген шектеулерді сақтауға шақырылады. Азаматтарды мемлекеттік қызметке қабылдау – бұл адамдардың барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін елдің дамуы үшін жұмсайтындығына білдірілген халықтың сенімі мен сезімін білдірудің бір түрі болып табылады.
Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан тыс кездерде жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға тиіс, қоғамға жат мінез-құлық көрсету жағдайларын, оның ішінде қоғамдық орындарда ішімдік ішу жағдайларына жол бермеу, адамдық қадір-қасиетіне және жұртшылыққа нұқсан келтіруді болдырмау, адамгершілік, кішіпейілділік көрсету, тиісті қызметтерді алу кезінде қызметтік жағдайын баса көрсетпеу немесе пайдаланбау, өз тарапынан қоғамдық адамгершілікке, тәртіп пен қауіпсіздікке қол сұғумен байланысты заңнама талаптарын бұзуға жол бермеу және басқа азаматтарды заңға қайшы, қоғамға жат әрекеттерге жасауға қатыстырмау.
Бүгінгі күннің шындығы мемлекеттік қызметшінің мінез — құлық мәдениетінде, әдептілігінде, өмір салтында және сөйлеу мәдениетінде көрінетін адамгершілік қасиеттеріне қойылатын талаптарды күшейтеді. Мемлекеттік қызметшінің жағымды бейнесі адамдармен тіл табыса білуден ғана емес, оның сыртқы келбетінен, сөйлеуінен, жалпы мінез- құлқынан қалыптасады. Мемлекеттік қызметшілер — әріптестер мен жұртшылық алдындағы өз міндеттеріне деген көзқарастың үлгісі болып табылады. Мемлекеттік аппарат қызметкерлері үнемі назарда болады, нәтижесінде олармен қандай да бір әдеп нормаларының бұзылған жағдайында қоғам тарапынан не істеуге болатынын және болмайтынының «белгісі» ретінде қабылдануы мүмкін. Мемлекеттік қызметші өз қызметінде кәсіби шеберлігімен, қызметіндегі терең білімімен ғана ерекшеленбей, сонымен қатар, өз ісіне берілгендігімен, сондай-ақ,
әдеп нормаларын қатаң сақтаумен ерекшеленуі керек.
Ақмола облысы бойынша экология департаменті мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауға ерекше көңіл аударады. Бұл үшін департаментпен әдеп, сыбайлас жемқорлық тақырыбында әртүрлі дәрістер өткізіліп тұрады, бақылаушы органдармен түрлі семинарлар да өткізіледі. Ұжымдағы моральдық-психологиялық климатты қолдау үшін салауатты өмір салтын қолдау мақсатында шахмат, кіші-футбол және басқа да іс-шаралар түріндегі отбасылық, спорттық шаралар өткізіліп тұрады.
Департаментте 25-57-87 сенім телефоны жұмыс істейді, департаменттің мемлекеттік қызметшілері жағынан Әдеп кодексінің талаптары бұзылған жағдайда сол телефонға облысымыздың кез-келген тұрғыны хабарласа алады. Бұдан басқа да департаментте әдеп бойынша уәкілетті институт жұмыс жасайды, оған жауапты басшының орынбасары Ержан Базарбекұлы Ахметов болып табылады, Көкшетау қаласы Е.Әуелбеков көшесі 139 «Іскерлік орталығы» мекен жайы бойынша орналасқан ғимараттың
4 қабатында № 430 бөлмеде айдың әр жұмасы күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін азаматтарды қабылдау жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшілердің әдебін, олардың жауапкершілігін арттыру, халыққа қызмет етуге бағдарлануы мемлекеттік аппараттың сапасын жақсартуға, сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуіне және мемлекеттің оң имиджінің қалыптасуына ықпал етеді.
Күләш РахЫмова,
Ақмола облысы бойынша экология департаментінің бас маманы.