«Аналар үйіндегі» аналар мен сәбилерде болды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жарияланған «30 қайырымды іс» марафоны аясында «Аналар үйі» дағдарыс орталығындағы аналар мен балаларға сый-сияпаттар тарту етілді.

Іс-шара барысында Ақмола облыстық әділет департаментінің қызметкерлері облыстық Заң консультанттар палатасының өкілдерімен, Көкшетау қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметімен және қалалық мәслихат депутатымен бірлесіп, Көкшетау қаласындағы «Аналар үйі» дағдарыс орталығында болып қайтты.
Нәтижесінде орталықта өмір сүріп жатқандардың құқықтары мен бостандықтары, сонымен қатар, әкелікті тану, сотқа құжаттарды рәсімдеу, алимент өндіру және тағы басқа мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, Көкшетау қалалық полиция басқармасының әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы осы дағдарыс орнында тұратын және өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдермен әңгіме жүргізді.
Кездесудің соңында орталықтан пана тапқан аналар мен балаларға сый-сияпаттар табыс етілді. Өз кезегінде орталық тұрғындары өздеріне көңіл аударып, қоғамның бір мүшесі екендіктерін сезіндіре білген қамқор жандарға ризашылықтарын білдірді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар