«Көкшетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Досымхан Аралбаев: «Қазақстан электр энергетикасында тарифті қалыптастыру үшін түбегейлі қадамдар қажет»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөнінде өткен кеңесте елдің дамуы энергетика саласының тұрақтылығына тікелей байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар, соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап электр энергиясына тарифті кезекті көтеру мәселелері белсенді талқыланды. Осыған байланысты біз «Көкшетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі энергия таратушы ұйымының бас директоры Д.Ә.Аралбаевпен сөйлесуді жөн көрдік.

–Досымхан Әлішұлы! Бүгінгі таңда электр энергиясына тарифтерді көтеру мәселесі өзекті болып отыр. Соңғы рет электр энергиясы 2021 жылдың 1 маусымынан бастап тұтынушы үшін қаншалықты қымбаттады және ағымдағы жылдың қыркүйегінде бағаның кезекті өсуі де болды емес пе?
–Ең алдымен, 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап энергия өндіруші стансалардағы электр энергиясына тарифтер Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша орта есеппен 15 пайызға көтерілгенін атап өткім келеді. Тиісінше осы өсімнен кейін қызметтер құны «KEGOC» акционерлік қоғамы электр желілерінің Ұлттық операторында өңірлік желілік «Көкшетау Энерго» серіктестігі және жабдықтау компаниялар «Көкшетау Энерго Орталық» серіктестігінде де өсті.
Жалпы тариф 4 бөліктен тұрады. Бұл – сатып алу (42 пайыз, транзит (47 пайыз, қуат нарығы, теңгерімдеу, сауда-саттыққа дайындық (8 пайыз) және жабдықтау үстемесі (3 пайыз). Біз тұтынушыларымыз үшін біздің облыста электр энергиясына тариф қалыптастыру құрылымын көрнекі және қолжетімді түрде көрсету үшін арнайы схема да әзірледік.
2021 жылдың 1 маусымынан бастап электр энергиясының қымбаттауына келетін болсақ, жеке тұлғалар үшін электр энергиясы 10 пайызға, заңды тұлғалар үшін – 20 пайызға, бюджеттік ұйымдар үшін – 45 пайызға қымбаттады. Енді бұл неге бұлай болғанын түсіндіріп берейін. Біріншіден, Энергетика министрлігі мәлімдеген 15 пайыз бұл республиканың барлық 37 энергия өндіруші стансалары бойынша орташа өсім көрсеткіші. Яғни, бір жерде көп, бір жерде аз. Біз электр энергиясының негізгі көлемін сатып алу үшін қуаттары бар және Қазақстанның «Самұрық-Энерго» АҚ аса ірі көп бейінді энергетикалық холдингіне кіретін электр стансаларынан сатып аламыз. Бұлар «Екібастұз ГРЭС-1» көлемінің 56, «Екібастұз ГРЭС-1» көлемінің 38, «Мойнақ» ГЭС – 6 пайыз. Оларда электр энергиясының құны 2021 жылдың
1 маусымынан бастап 25 пайызға, ал, 1 шілдеден бастап тағы да орта есеппен 4 пайызға өсті.
Екіншіден, біз әлеуметтік бағыттағы ұйым және біздің тұтынушыларымыз сияқты өзіміз де тұтынушы болғандықтан, біздің компания үшін тарифтің кезекті көтерілуі, әрине, былайша айтқанда, қолайсыз әсер етеді. Мысалы, тұтынушыларды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету және шығында қалмау үшін бізге Ақмола облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментінде тарифтің әрбір тиынын қорғауға тура келеді. 2020 жылы компанияның жиынтық табысы 7 миллиард 708 миллион теңгені құрады. Бұл ретте шығыстар 7 миллиард 664 миллион теңгені құрады. Бұл электр энергиясын сатып алуға арналған шығыстар (шығындарды өтеу және шаруашылық қажеттілік үшін) – 3224 миллиард, еңбекақы – 2049 миллиард, материалдық шығындар мен жөндеулер – 715 миллион, инвестициялық бағдарлама – 1244 миллиард, салықтар – 354 миллион, басқа шығындар 78 миллион, ал, пайда 44 миллион теңгені құрады (КТС төлемін есепке алмағанда). Тапқан қаражат материалдық-техникалық базаны жақсартуға және арнайы техника сатып алуға жұмсалды. Бұл жерде компанияның жиынтық табысы туралы ауыз толтырып айтатындай ешнәрсе жоқ.
Көріп отырғаныңыздай, біз ашық түрде жұмыс жасаймыз. Енді 2021 жылдың қыркүйегінде тарифтердің көтерілуіне қатысты айтайын. Қазіргі уақытта біз бағаны 2021 жылдың 1 қазанынан бастап 6,5 пайызға көтеруге өтінім бердік. Бұл шешім сонымен қатар 2021 жылдың 1 шілдесінен стансалар бағасының өсуіне және ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап электр энергиясын тасымалдау, диспетчерлеу және қуат нарығын теңгерімдеу бойынша «KEGOC» акционерлік қоғамы тарифінің өсуіне байланысты болып отыр.
–Көкшетаудағы электр бағасының тарифі Қазақстанның өзге қалаларына қарағанда неге жоғары болып отыр?
–Көкшетау қаласында өзінің жылу электр орталығы (ТЭЦ) жоқ болғандықтан бізге электр энергиясын басқа облыстардан сатып алуға тура келеді. Сондықтан, электр энергияны біздің облысқа жеткізу үшін біз «KEGOC» акционерлік қоғамының транзиті үшін 3,25 теңге төлейміз. Егер бізде өз «ТЭЦ»-іміз болса, тариф 4,29 теңгеге төмен болар еді. Бар мәселе осында.
–Заңды тұлғалар үшін электр энергиясының құны неге қымбат? Бұл неге байланысты? Шағын және орта бизнесті дамыту керек емес пе?
–Мен сізбен толығымен келісемін және бизнесті өркендету елдің әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыру болып саналатындығы туралы қағиданы өзім де ұстанамын. Бизнеске кедергілер мен қиындықтар тудырмауымыз керек. Бірақ, тарифтерді мемлекеттік реттеудің басқа тұтынушылар есебінен тұтынушыларды субсидиялау деп аталатын ерекшелігі бар. Бұл халыққа тариф экономикалық негізделген деңгейден төмен болып келеді. Яғни, өзіндік құнынан төмен болған кезде. Ал, басқа өнеркәсіптік тұтынушылар үшін, керісінше, жоғары. Егер жағдайды өз жөнімен айтатын болсақ, заңды тұлғалар халық үшін төлейді. Жеке тұлғалар үшін тариф орташа тарифтен әлдеқайда төмен. Шын мәнінде, біз электр энергиясын халыққа оның сатып алу құнынан арзан сатамыз. Осылайша заңды тұлғаларға үлкен жүктеме жасаймыз. Біз жеке және заңды тұлғалар арасындағы тарифтерді теңестіруді қолдаймыз. Бұл әділетті болар еді.
Сонымен қатар, Көкшетау қаласы «аристондар» деп аталатын электр су жылытқыштар қаласы болып табылады. Олар тұрғындардың қалтасына да салмақ түсіреді. Сондай-ақ, халықты «кВт/сағат» электр энергиясы үшін өзінің жоғары тарифімен де демеушілерге қатысатын заңды тұтынушылардың қаржысына да кері әсер етеді.
Барлық өзге облыс орталықтарында орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау бар және де көптеген қалалар электр плиталарын пайдалануды қажет етпейтін орталықтандырылған газбен (табиғи, сұйық) қамтамасыз етілген. Ал, біз әзірге бұл мәселеде әлдеқайда артта қалып отырмыз. Демек, егер басқа облыс орталығының тұрғыны бір айда 150 киловатт сағат электр қуатын тұтынса, бұл бізде 300-350 кВт/сағат шегінде, яғни, 2 есе көп болып отыр. Тиісінше, егер басқа салалардағы заңды тұлғалар халық үшін шамамен 50 кВт/сағ өтеуге қатысса, ал, бізде айына шамамен 150 кВт/сағ. Бұл мәселе мемлекеттің құзырында, бұған облыстық әкімдік әсер ете алмайды. Біз облыс орталығының барлық тұрғындары сияқты, Көкшетау қаласындағы жеке ЖЭО-ның (ТЭЦ) салынатындығына үміттенеміз, оның іске қосылуы тарифті төмендетуіне әкелуі тиіс.
Сонымен қатар, бізде «KEGOC» АҚ Ұлттық желілеріне тікелей қосылған және осылайша тариф қалыптастырудың жалпы жүйесіне қатыспайтын кейбір өнеркәсіптік тұтынушылар пайда болды. Бұл, былайша айтқанда, тұтынушылардың 1 тобы. Орташа алғанда, мұндай тұтынушылар 1 кВ/сағ 15 теңгеден төлейді. 1 кВ/сағ үшін келесі топ, бұл «Көкшетау Энерго» ЖШС желілеріне қосылған, бірақ еркін тарифі, таза кірісі бар және тек ірі өнеркәсіптік тұтынушыларға қызмет көрсететін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметтерін пайдаланатын тұтынушылар. Бұл мемлекет баға қалыптасуына реттемейтін шағын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар (бұдан әрі – ЭЖҰ). Олар тұтынушыларды электр энергиясын халыққа міндетті түрде сатып алу-сату міндеті жүктелген басқа кепілдік беретін ЭЖҰ-дан «қызықтырып» өз жақтарына тартып алады. Кепілдік беретін ЭЖҰ, әдетте, заңды тұлғалар үшін тарифі жоғары, өйткені, олар жеке тұлғаларға («КЭЦ», СЭОЖШС) қызмет көрсетеді. Мемлекет реттейтін мұндай ЭЖҰ халық үшін тарифті ұстап тұруға және заңды тұлғалар үшін тарифтерді арттыруға тура келеді. Осыған байланысты заңды тұлғалар кетеді және ЭЖҰ-ға халық пен заңды тұлғалар арасындағы электр энергиясын тұтынудың үлес салмағының өзгеруінен пайда болатын шығындар туындайды, өйткені, халықтың тарифі айтарлықтай төмен. Осы шығындар қолданыстағы заңнамаға сәйкес ЭЖҰ шығындарын өтеу үшін тарифке енгізілуі тиіс, олар өз кезегінде тұтынушылар (халық және заңды тұлғалар) үшін тарифтердің көтерілуіне себеп болып табылады.
Тұтынушылар мен ЭЖҰ арасындағы электрмен жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтердің баға теңсіздігі дұрыс емес баға сигналдарын жасайды. Ірі тұтынушыларды өз шығындарын төмендету және әлеуметтік жүктемеден құтылу үшін баламалы нұсқаларды іздеуге, біздің тарату желілерімізден магистралдық желілерге қосылуға («KEGOC» АҚ) көшуге мәжбүр етеді. Осы әрекеттердің нәтижесінде электржелілік кешендегі экономикалық теңгерім өзгереді. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына теріс әсер етеді. Өйткені, аймақтық желілік инфрақұрылымды ұстауға қосымша шығындар ауыртпалығы қалған тұтынушыларға түседі.Біз нарықтың осы алаңында әділ және салауатты бәсекелестік болуы тиіс деп есептейміз.


–Мемлекет басшысы электр энергетикасын дамыту мәселелері бойынша сөйлеген сөзінде генерациялайтын стансалардың тозуы 50 пайыздан асып кеткендігін атап өтті. Сіз де электр желілеріндегі осындай проблемалар туралы бірнеше айтып жүрсіз. Бірақ, электр энергиясына арналған тарифтер бірнеше рет көтерілгенімен, ол бұл саланың жағдайын жақсартпады. Бүгінгі таңда облыста және Көкшетау қаласында электр желілерін дамыту бойынша жағдай қалай екенін айтып бере аласыз ба?
–Өте жақсы сұрақ және мұндай проблема бар. Бүгінде тозу пайызы шамамен 80 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді. Біздің компания шамамен 16 мың километр электр беру желілері мен 3 мыңға жуық қосалқы стансаларға қызмет көрсетеді. Жыл сайын біз өз күшімізбен электржелілер мен жабдықтарды жөндейміз және жаңғыртамыз. Бірақ, бұл өте жеткіліксіз. Елеулі қаржылық инвестициялар қажет. Монополияға қарсы департамент бекіткен 2021-2025 жылдарға арналған желілерді жаңғырту жөніндегі инвестициялық бағдарлама 5 жыл ішінде компанияның барлық энерго жабдықталуынан 2 пайыз ғана желіні жаңғыртуға мүмкіндік береді. Яғни, қолданыстағы қайта құрудың қазіргі қарқынымен бізге жабдықты толық жаңарту үшін 300 жылдан астам уақыт қажет болады.
Көкшетау қаласына келетін болсақ, мұнда одан да көп проб-лемалар бар. Негізгі проблема – бұл қала әкімдігі мен облыстық энергетика басқармасында облыс орталығының электр желілерін дамыту жоспарының болмауы дер едім. Мұндай жағдай электр қондырғылары мен желілерін одан әрі дамыту мен пайдалануға елеулі қатер төндіреді. Ал, облыс орталығы көп қабатты үйлермен белсенді салынуда. Мысалы, 10 жеке үйдің учаскесінде 100 пәтері бар көп қабатты үйлер пайда болады. Олардың әрқайсысында су жылытқыштар, электр плиткалар, шәйнектер, кондиционерлер, теледидарлар, тіпті жылы едендер бар. Тиісінше, 50-60 жылдары салынған желілер мен қосалқы стансалар берілген жүктемеге төтеп бере алмайды.
Мұндай жағдай тек Көкшетауда ғана емес, бұл бүкіл ел бойынша ауқымды проблема. Өкінішке орай, бұл жағдайдың жақын арада жақсарады деп күтілмейді. Ал, «Көкшетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бұл мәселелердің барлығын дербес шеше алмайды. Біз түбегейлі қадамдар қажет екеніне, тарифтерді қалыптастыруға және тұтастай саланы дамытуға көзқарасты түбегейлі өзгерту қажет екеніне сенімдіміз.
–Жағдайды жақсартудың қандай жолдарын ұсына аласыз?
–Бұл орайда ең әуелі республика бойынша халық үшін және заңды тұлғалар үшін бірыңғай тариф енгізу қажет деп санаймын. Екіншіден, мемлекет тарапынан субсидиялау мәселесін шешу қажет. Өйткені, электр желілері де әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін қажетті инфрақұрылым боып саналады. Ал, энергетиканы басқаша жаңғырту мүмкін емес. « ЖЭК» дамытуға арналған үстемені тұтынушылар үшін негізгі тарифтен алып тастау керек қой деп ойлаймын. Бұл бірінші кезекте мемлекеттік бағдарлама және оны бюджет қаражаты есебінен шешілуі қажет. Бұл шығындардың барлығының тұтынушылардың, әсіресе, қарапайым азаматтардың мойнына түсетіндігімен келіспейміз.
Тариф қалыптастыру жүйесінен жекелеген топтардың «қалталы» ұйымдарына айналған барлық энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды алып тастау керек. Аудандардың (қалалардың) электр желілерін оларды іске асыру мүмкіндігімен дамытудың перспективалық жоспарларын әзірлеу қажеттілігі әбден туды деп санаймын.
–Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша, 2025 жылға қарай Қазақстанда жаңартылған энергия көздерінің (ЖЭК) үлесі 6 пайызға, 2030 жылға қарай 10 пайызға дейін жетеді. Ал, 2050 жылға қарай жаңартылатын және баламалы энергия көздеріне барлық энергия тұтынудың кемінде жартысы тиесілі болуға тиісті. Сіздің ойыңызша, осы бағыттағы мемлекеттік саясат жалпы электр энергетикасы саласын «емдеуге» қабілетті ме?
–Қазіргі уақытта «ЖЭК» нысандарының тарифтері өте жоғары. «ЖЭК»-те өндірілген 1 кВт электр энергиясының құны 25-тен 50 теңгеге дейін құрайды. Дәстүрлі көздерден (көмірлік, газ-мазут) электр энергиясының өзіндік құны 15 теңге шегінде. Демек, «ЖЭК» шығындарды төмендету бағыты бойынша мәселені айтарлықтай жақсартпайды. Керісінше тарифті қалыптастыруды экзацербациясына алып әкеледі. Біздің әрқайсымыз осы үлкен айырмашылық үшін қосымша құн салығынсыз (ҚҚС) –1,57 теңгеден, ҚҚС-пен – 1,76 теңгеден төлейді. Яғни, менің түсінуімше, әрбір абонент біздің мемлекетте «ЖЭК» құрылысына инвестиция салады. Бұл мен үшін түсініксіз жай. Мемлекет мүдделі тұлға және ол осы саланы субсидиялау кірістерінің есебінен дербес шешуге тиіс. «ЖЭК» құрылысы бұл энергетикалық емес, экологиялық мәселе. Өйткені, электр станцияларында «ЖЭК» жұмысы есебінен атмосфераға зиянды шығарындылар азаяды. Егер мемлекет осы проблеманы шешуге мүдделі болса, онда жағдайды экспортқа шығатын мұнай, газ және шикізат есебінен түзетуі қажет деп білемін.
– Әңгімеңізге көп рахмет!

Сұхбатты жүргізген Еркін СЕЙІТОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар