Бай тілімізді кеңінен қолдансақ…

Мемлекеттік тіл – тәуелсіз қазақ елінің негізгі құндылықтарының бірі болып табылады. Адам, тіл арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасай алады.

Сонау Тәуелсіздік алған күннен бастап, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 тiл туралы Заңының 10-бабына сәйкес құжаттама жүргiзу тiлi «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қамтамасыз етiледі» деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаментінде іс қағаздарын жүргізу, хат алмасу тілі 80-90 пайыз мемлекеттік тілде жүзеге асырылуда. Департаменттің тексеру актілері қазақ тілінде толтырылып, жасалады, қажет болған жағдайда ғана ресми тілде беріледі. Мемлекеттік мекемеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптар, осы Заңның 11 бабына сәйкес қазақ тілінде немесе өтініш жасалған тілде беріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 31 қазандағы №689 Қаулысына сәйкес биыл да 5 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдерінің күні аталып өтілді. Ол жылдағыдай, Тілдер онкүндігіне жалғасты.
Қазақ тілі – өте бай тіл. Ол шаруашылықтың барлық саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы.
Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Ұлт мәдениеттің гүлденуі мен ұлттың өзінің болашағы ана тілінің дамуы, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан да, мемлекеттіқ тілдің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда дегім келеді.
Алайда, өз тіліміздің бүгінгі жағдайы өзімізге белгілі. Биік мінберлерден ол әлі үнін кең шығара алмай келеді. Жергілікті халық та ана тіліне самарқау. Жастарымыз тілден тіпті, алшақтап бара жатқан сияқты. Әйтеуір, көпшілік жерлердегі, көшелердегі жағдай соны аңғартады.
Қазақ тілін дамытудың бір жолы – үйде таза ана тілінде сөйлеу. Балалар орысша сөйлей бастаса, оларды неғұрлым қазақ тіліне қарай тарту. Әрбір осындай жайдың алдын алып, кішкентайынан жас ұрпақтың құлағына қазақ тілін құйып отыру. Сонда ғана біз тілімізді ұмытпауда, оны жатсынбай, алға қарай жетелеуде белгілі бір табысқа қол жеткіземіз. Осы бір ой үлкеннің де, кішінің де жадында жүрсе, тіліміз ептеп алға басар еді.

Жандарбек Қабдөшев,
Ақмола облысы бойынша экология департаментінің қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар