Коронавирустың нигериялық Eta штамы анықталды

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың нигериялық Eta штамы анықталғанын мәлімдеді.

Қарағанды, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында бір-бір адамнан, ал. Маңғыстау облысында екі адамнан осы штамм табылған.
Қазіргі уақытта елімізде ең көп таралғаны үнді штамы. Ал, нигериялық Eta штамы коронавирустың мутацияға ұшыраған бір түрі. Ол алғаш рет 2020 жылдың желтоқсанында Нигерияда анықталып, аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда мәлім болған.
Бүгінгі таңда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша Eta штамы әлемнің 77 еліне тарап үлгерген. Ол бақылауды талап ететін штамдардың қатарына жатады. Мамандар вирустың Eta түрі өте жылдам жұғатынын айтады. Алайда, зардабы өзге штамдарға қарағанда жеңіл делінеді. Белгілері бұрыңғы штамдарға ұқсас, яғни, науқаста дене қызуы, жөтел, иіс пен дәм жоғалту көрініс береді.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар