Тілдің құдіреті кұрметтен көрінеді

Қазақстан Республикасы халқының тілдері онкүндігінің салтанатты ашылуы Степногорск қаласында «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» тақырыбымен өтті.

Шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Гүлназ Маратқызы Әбілова құттықтау лебізін білдіріп, әр сала мамандарын мемлекеттік тілді дәріптеу жолындағы еңбегі үшін марапаттады. «Горняк» мәдениет сарайының көркемөнерпаздары шағын мерекелік бағдарламасын ұсынды.
Жастарды патриоттылыққа, тілді құрметтеуге, дамытуға елін, жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында «Қазақ зиялылары және ұлт тілі» атты жастар форумы өтті. Шараға Степногорск қаласының мәслихат хатшысы Кабар Хайырым, мәдениет, жастар ресурстық орталығының мамандары, 3517 әскери бөлім сарбаздары, №2 ИТК колледжінің студенттері қатысты. Шара барысында Степногорск қалалық мәдениет, тілдерді дамыту дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Б.Айтпаева құттықтау сөз сөйлеп, жастарды қазақ тілінде сөйлеуге шақырды. Қатысушылар мемлекеттік тілдің дамуы туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Қазақ тілін еркін меңгерген Артур Легастаев қазақ тілін балабақшадан қызықты ойындар арқылы өткізіп, үйретудің тиімді екенін тілге тиек етті.
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Степногорск қаласында «Ұрпаққа аманат», «Туған өлке тілі», «Soyle time», «Қызметте 30 жыл», «Туған өлке жерінің тілі», «Туған өлке тарихы» жобалары жасалды. «Ұрпаққа аманат» жобасы аясында «Алаш зиялылары және қазақ тілі» театрландырылған қойылымы, «Тәрбие басы – тіл» атты бейнежазба түсірілді.
Тұрғындарды қазақ тіліне үйретудің, ұлттың тарихы, дәстүрі, ұлы тұлғаларын таныстырудың бір әдісі – зияткерлік ойындар. «Тіл – халықтар достығының тірегі» электронды ойындар мен викториналар жасалды. Мектеп оқушылары көркемсөзді әр тілде мәнерлеп оқу бойынша «Тілден қымбат қазына жоқ» атты челленджге белсене қатысты. Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктер мен ассамблея қоғамдық құрылымдарының Қазақстан халқы тілдері күнімен бейне-құттықтауы ұйымдастырылды.
Мектепке дейінгі білім ұйымдарындағы ересектер мен мектепалды даярлық топтары үшін «Тіл – достықтың мерейі», «Отан, тіл және білім – болашақтағы тірегім» атты мақал-мәтелдер байқауы, «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» атты жаңылтпаш айтудан байқау, «Бала тілі – бал» атты көркемсөз оқу байқауы ұйымдастырылды.
Мемлекеттік тілді өрге бастыру, нағыз ұлттық тіл дәрежесіне көтеру мақсатында жоғарғы сынып оқушылары мен колледж студенттері үшін «Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім» атты қалалық көркемсөз байқауы, «Жырым сенсің Қазақстан» атты қалалық байқау және «Менің тілім – ғажап тіл» «Үздік эссе», «Үздік әңгіме», «Үздік поэзия» номинациялары өтті.
Қарабұлақ, Изобильный ауылдарында, Шантөбе, Бестөбе кенттерінде «Қазақ тілін білгенің – өз еліңді сүйгенің» марафоны, «Тіл тірлігіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты онлайн тақырыптық кеш, «Тіл – халықтар достығының тірегі» бейнепрезентация, «Тілден артық қазына жоқ» атты дөңгелек үстел, «Тіл тұмар – бір шынар» атты ұйымдастырылған оқу марафондарына тұрғындар белсене қатысты. Мемлекеттік қызметшілер арасында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты челлендж ұйымдастырылып, әкімдіктің барлық бөлім мамандары белсене қатысты.
Индира Арапбаева,
Степногорск қалалық мәдениет,
тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар