Кәсіпкерлік дамыса, елдің тұрмысы жақсарады

Бүгінгі күні «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы 5 жыл ішіндегі «Бастау Бизнес» жобасы жұмысының қорытындысын шығаруда. Нұр-Сұлтан қаласында онлайн-форум аясында кәсіпкерлер мен олардың бизнес-жаттықтырушыларының қатысуымен шебер-кластар болып өтті.

Осы кезеңде кәсіпкерлік негізін оқытудан 185 мың қазақстандықтар өтті. Жобаның озат түлектері өнімінің көрмесі осы оқиғаға арналған көрмеде көрсетілді. Елбасы «Бастау Бизнес» бағдарламасына жоғары баға берді. Нұрсұлтан Назарбаев өз бейне үндеуінде барлық Қазақстан бойынша жобаны жалғастыру қажеттігін атап өтті.
–Бизнес-оқытушылар оқу аяқталған соң жыл бойы өз шәкірттерінің жобаларына қолдау көрсетуді жалғастырады. Бастаушы кәсіпкер туындайтын проблемаларымен жалғыз қалмайды. Бұл – бүгінгі күні бәріміз алаңдап отырған ауқымды пандемияның нақты қысымын барлық бизнес бастан өткерген жағдайда маңызды. Елдің гүлденуі азаматтардың жақсы тұрмысына тікелей байланысты. Осы орайда, өзім жоғары бағалайтын «Бастау Бизнес» бағдарламасының барлық қатысушыларына ақ жол тілеймін. Бұл бағдарламаны еліміз бойынша жалғастыру қажет,–деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ақмола облысында «Бастау Бизнесті» 5 жылда 9 мың ақмолалықтар оқыды, оның 4 мыңы өз ісін ашты. Биылғы жылы жоба бойынша 1300 ақмолалықтарды қамту жоспарланды. Бүгінгі күні 1415 тыңдаушы оқыды. Оның 238-і өз жобасын жүзеге асырды. Осының арқасында 300 жұмыс орны ашылды. Биылғы жылғы жобаның озат түлектерінің бірі – Жарқайың ауданының тұрғыны Екатерина Аминова. Ол шоколад букеттерін дайындау бойынша қызықты идеясымен жобасына келді. Идеяны бизнес-жаттықтырушы қолдады. Оған бизнес-жоспарды дұрыс дайындауға көмектесті. Комиссия бұл жобаны қарау кезінде өзінің оң шешімін шығарды. Жас бизнес-вумен ісі өңірде сұранысқа ие болды, тұрақты кіріс әкелуде.
–Алдын ала жазылған көп тапсырыс ала бастадым. Мұндай сыйлық тұтынушылардың көңілінен шықты. Бизнес жүргізу және ұйымдастыру жөнінде қажетті білім алған «Бастау» жобасына алғысым шексіз. Шығармашылық импульс пен шабыт алып, көптеген әріптестер таптым,–деді Екатерина Аминова.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар