Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңірлердегі ономастика мәселелері талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Өңірлердегі ономастика мәселелері талқыланды

Бурабай ауданында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті «Өңірлердегі ономастика мәселелерін реттеу жолдары» тақырыбында республикалық семинар өткізді. Семинарды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуалиев жүргізіп отырды.

Жиынға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысып, сөз сөйледі, республикалық семинардың көрікті Көкше жерінен бастау алғандығын атап көрсетіп, алыс-жақыннан жиналған тіл жанашырларына алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.
Семинарға Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы тілдерді дамыту және мәдениет басқармаларының басшылары мен ономастика бөлімінің басшылары сондай-ақ, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.
–Биылғы жыл қазақ елі үшін ерекше жыл. Ата-бабамыз армандаған ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Бұл біздің егеменді еліміз үшін тарихи кезең. Соңғы үш жылда тарихы терең Ақмола өңірінде 30-дан артық елді мекен, 1000-ға жуық көшенің атауы жаңартылса, биылғы жылы 30-дан астам мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуді жоспарлап отырмыз. Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы облыс аумағындағы елді мекендердің тарихи атауларын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен бірлесіп жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта облыс аумағындағы 45 елді мекеннің тарихи атаулары табылып, БАҚ және әлеуметтік желілерге жарияланды.
Сонымен қатар, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаевтың басшылығымен «Ақмола облысының топонимикасы» – этнотарихи және топонимикалық зерттеу бағдарламасы» атты арнайы жоба арқылы облыстағы елді мекендердің тарихи атау-ларын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде «Ақмола өңірі топонимдері: тарихи қабаттары, табиғат әсері, тылсым сырлары», Жамбыл Артықбаевтың «Ақмола облысы жер-су атауларының құпиялары» кітаптары, Ақмола облысы елді мекендерінің анықтамалығы, атласы дайындалды. Сонымен қатар, 80 елді мекеннің тарихи атаулары анықталып отыр. Алдағы уақытта да ономастика мәселелері үнемі назарда болады, –дей келіп, облыс әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы семинар жұмысының сәтті өтуіне тілектестік білдірді.
Жиында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуалиев республикамыздың өңірлерінде ономастика мәселелерінің ахуалы туралы баяндама жасап, осы тұрғыдағы істің жайын тарқатып айтып берді.
Күн тәртібінде ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымдарды, өзектендірілген «Тарихи тұлғалар» тізімін жұмыс барысында қатаң басшылыққа алу, сондай-ақ, идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасын іске асыру туралы мәселелер қарастырылды.
Семинарда Қарағанды, Қостанай облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармаларының басшылары Гүлнәрайым Қаңтарбекова мен Гүлжан Мендекинова және тағы басқа өңірлерден келген тіл жанашырлары сөз алып, ономастика саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салды.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар