Тіл онкүндігі тілімізге қуат береді

Зеренді ауданы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығында 6-17 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесіне арналған тілдер онкүндігі өтті. Бұл онкүндікте іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. 2017 жылы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың Қаулысымен 5 қыркүйекте Қазақстан халқының тілдері күні деп белгілеу туралы шешім қабылданған болатын.

Онкүндіктің аясында «Алаш зиялылары және ұлт тілі» бейнебаяны, «Hello Zerenda. Hello Kazakhstan» этнос өкілдерінің тілдер күніне орай құттықтау бейнеролигі, «Тіл ұстазы – Ыбырай Алтынсарин» тақырыбында дөңгелек үстел, «Poems of the soul chellenge» челленджі, «Қазақ тілі – бабамның тілі, баламның тілі» онлайн байқауы, «Ахмет Байтұрсынұлының өміріне шолу» ақпараттық сағаты, «Аталар сөзі – тәрбие көзі» тақырыбында танымдық сабақ, ағылшын тілінде бейне сабақ өткізілді. Ал, 17 қыркүйекте Қазақстан халқының тілдері онкүндігінің жабылу салтанаты өтті.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіліміз бен мәдениетіміздің дамуына қосқан үлесі үшін Ақмола облыстық ішкі саясат басқарма басшысының Алғыс хаттарымен жерлес қаламгерлердің еңбектерін насихаттаушы, «Балаларға арналған үздік шығармалар» облыстық байқауының қатысушысы, тіл жанашыры Мейрамгүл Тынымбайқызы, Зеренді аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, орталықтың белсенді тыңдаушысы, «Тіл дарын», «Мемлекеттік тіл –Тәуелсіздіктің символы» байқауларының жеңімпазы Джалиль Забиров марапатталды.
Қазақстан халқы тілдері күніне орай көпұлтты еліміздің бірлігі мен татулығын, тыныштығы мен берекесін нығайтуға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің Алғыс хаттарымен аудандық полиция бөлімінің қызметкері Зоя Калицкая, Баратай негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы, 2021 жылғы «Мен отбасымда қазақша сөйлеймін» облыстық байқауының жеңімпазы Евгений Клепцов, осы мектептің 5 сынып оқушысы, тілдер бойынша барлық аудандық және облыстық конкурстардың белсенді қатысушысы Иван Клепцов марапатталды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай келе, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар, ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Демек, ана тілі – алтын қазына, оны қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.
Арайлым БЕКТАСОВА,
тілдерді оқыту орталығының оқытушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар