Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолалық оқушылар Ыбырай Алтынсаринның мұрасын зерттеуде - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолалық оқушылар Ыбырай Алтынсаринның мұрасын зерттеуде

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған онкүндік аясында Ақмола облысының білім беру ұйымдарында мектеп оқушыларын, колледж студенттерін, ата – аналар қауымдастығын тарта отырып, «Ыбырай Алтынсариннің мұрасы-мәңгілікке қазына» атты сыныптан тыс тақырыптық іс-шаралар өткізілді.
Іс-шара Zoom платформасы арқылы онлайн форматта да өтті. Оған 170 мыңнан астам оқушы мен студент, 800 мыңға жуық педагог пен 2300-ге жуық ата-ана қатысты.

Ұлы жазушыға арналған «Қазақ даласының алғашқы ұстазы» тақырыбында мектеп оқушылары мен студенттер арасында өткізілген презентациялар байқауын, оқушылар шешендік өнерде және Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын мәнерлеп оқуда жарысқан «Сөз құдіреті», «Кел, балалар, оқылық» атты мәнерлеп оқу сайысын ерекше атап өткен жөн.

«Ыбырай Алтынсариннің ұлы мұрасы», «Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығы» атты ақпараттық сағаттарын өткізу барысында білім алушылар мен студенттер ұлы ұстаздың еңбектерін талдап және тест тапсырмаларына жауап бере отырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.

Бастауыш сынып оқушылары үшін сынып жетекшілері «Ыбырай Алтынсариннің балалық шақ әлеміне саяхат» атты саяхат сабақтарын өткізіп, сабақ барысында балаларды ұлы ағартушының өмірімен таныстырды. Шығармалар негізінде суреттер, аппликациялар, композициялар жасалды.

Облыстың білім беру ұйымдарының кітапханашылары жазушының шығармашылық қызметі туралы фото, кітап көрмелерін ұйымдастырып және оқушылармен танымдық викториналар, шығармаларға шолу өткізді. Сондай-ақ слайд — презентациялар, бейнероликтер тиімді пайдаланылды.

Гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдері онлайн форматта ата-аналардың қатысуымен «Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби кештер ұйымдастырылды.
Осындай іс-шаралар оқушыларға, студент жастардың ата-аналарына Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасының тарихымен жақынырақ танысуға көмектеседі. Ыбырай Алтынсарин Қазақстан Республикасының дамуында өшпес із қалдырды және әлі күнге дейін жас ұрпаққа үлгі болып қала бермек.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар