Республикалық «Ясауитану» байқауы облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында көрсетілген Ұлы даланың ұлы есімдерін ұлықтау мақсатында жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану-2021» республикалық байқауының облыстық кезеңін 2021 жылғы 23 қыркүйек онлайн түрде өткізді.

Байқаудың негізгі мақсаты – қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау. Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру.
Байқауға Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласы және Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан барлығы 11 оқушы қатысты.

Байқау екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде хикметтер жатқа оқылды. Екінші кезең бойынша қатысушылар жасырын ұяшықтарды таңдау арқылы Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге, Қазақстан тарихына қатысты алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап берді.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындармен мараптталған қатысушылар:

– Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Айдын Лашын – І орын.

– Бұланды ауданы, Макинск қаласы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Темірхан Замира – II орын.

– Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Толеубаева Ажар – ІІІ орын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар