Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бетіңді шимайласа шыдайсың ба?.. - АРҚА АЖАРЫ

Бетіңді шимайласа шыдайсың ба?..

Көкшетау қаласының орталық саябағында әр жерде бір, түрлі оюлар бедерленген композициялық туындылар, ата мен ақ жаулықты әженің, жануарлардың мүсіндері бар. Солардың кейбірінің беті-басы шимайланған, ал, қос түйенің бүгінгі кейіпі тіпті жыларман күйде. Бірінің құлағы кесілген, ал, біреуінің ішін сырып, бүйірін тесіп тастаған.

Осындай қағылездікті жасап отырған адам ғой. Сол адамның өз бетін шимайласа, шыдай ма екен?
Кез-келген ескерткіш мәдени мұра. Мұра дегеніміз – ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болатын ұлттық құндылық.
Дәл Көкшетаудай табиғаты көркем қала кемде-кем. Біз өзге елдің тамашасына тамсанғанда алдымызға жан салмаймыз. Ал, маңдайға бақ боп біткен өз еліміздің қадіріне жете алмай жүргеніміз қалай? Бұқпаның биігі, жағасында мөлдіреп жатқан Қопаның өзі Құдайдың жан баласына берген көркем сыйы емес пе? Иә, рас алыстан қарасаң, расында да, Қопа мөлдіреп тұрғандай, алып-ұшқан көңілдің қанатына жағасына жетсең сол алаулаған қуаныш су сепкендей басыла қалады. Себебі, жағалауында шашылған тамақ қалдықтары, бос шөлмек, қағаз қиқымы. Қопаның көзіне тура қарасаң, мөлт-мөлт етіп, жас тұнып тұрғандай-ау!..
Күні кеше ғана жағалау жиегінде орнатылған орындықтардың кейбірі сынған, балаларға арналған ойын алаңдарының да күтімі шамалы. Достық үйінің жанындағы әдемі тырналар да шимай-шимай, біреулер есімін жазған, біреулердің суретшілік қабілеті ашылған болуы керек, өз өнерін тырнаға өрнек салудан бастаған сыңайлы. Тіпті ішкен-сусындарынан қалған бос шөлмекті қоқыс жәшігіне салмай, ағаштың діңгегін қоқыс жәшігіне айналдырған. Біз неге осыншама ұқыпсыз едік? Әлде адами қамқорлық, жанашырлықтан адамыз ба?
Ой жетегінде жүріп, осының бастауында, қайнар көзінде – ұлттық тәрбиенің осалдығы жатыр-ау деген байламға келдік. Шынында да, қазақы тәрбие көріп, ұлттық тәлімге уызынан жарыған, әженің аялы алақанына, ыстық ілтипатына, ана жүрегіне бөленіп өскен бала жан-жануардың бетін шимайлап, жамандық жасай ма? Әрине, жоқ! Бәлкім балалар балалығын жасап, шимайлаған да болар? Құлақ кесіп, бауырын тілгеніміз қай сорақылық? Әсте, ондайды құптаудан аулақпыз. Қалай дегенмен де, ұлттық тәрбие –
ұядан. Туған өлкені жүрекпен сүю де, оған құрметпен қарау да бәрімізге ортақ парыз һәм мәңгілік аманат!..
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар