Өңірімізде мұғалімдер күніне арналған құттықтау онкүндігі өтуде

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйектің 20-да басталған шара 1-ші қазан күні «Болашақ сарайы» сарайында өтетін Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиналыспен аяқталады.

Аталмыш шара педагог (мұғалім, тәрбиеші) мамандығының беделін арттыруға, педагогтардың өз оқушыларынан, олардың ата-аналарынан, әріптестерінен алғыс алатындай ерекше мерекелік орта қалыптастыруға бағытталған. Бейнероликтер, педагогтармен және оқушылармен сұхбат, педагогтар әулеттері өкілдерімен онлайн-кездесулер, педагогтардың, табысты түлектердің, педагогикалық еңбек ардагерлерінің қатысуымен телехабарлар топтамасы, газеттердің арнайы шығарылымдары жоспарланған. Мереке қарсаңында барлық мектептерде заманауи әлемдегі терең білім мен бәсекелестік құзыреттіліктің маңыздылығына назар аудара отырып, «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбымен ашық сабақтар өткізіледі.

Бұдан бөлек, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен көрнекті қазақ ағартушысы, жаңашыл педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығын мерекелеу аясында «Қазіргі білім беруде Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары» атты ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Сондай-ақ мектеп оқушыларын, колледж студенттерін, ата-аналардың қатысуымен «Алтынсарин мұрасы-мәңгіліктің игілігі» атты сыныптан тыс тақырыптық іс-шаралар өткізілуде.

Ақмола облысы білім басқармасының Instagram әлеуметтік желісінде білім беру ұйымдарының Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына арналған челленджі іске қосылды. Онда оқушылар мен мұғалімдер ұлы мұғалімнің шығармаларын оқиды. «Үздік педагог – 2021» байқауының жеңімпаздары әлеуметтік желілер, БАҚ арқылы марапатталады. Білім беру ұйымдарында челлендждер және бейнеқұттықтаулар байқауы өтеді. Онкүндік 2021 жылдың 1 қазанында «Болашақ сарайы» сарайында өтетін Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиналыспен аяқталады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар