Бестөбе кентінің 21 жастағы тұрғыны тоғыз күннен бері табылмай жатыр

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйектің 27-де Степногорск қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне Бестөбе кентінің тұрғыны 72 жастағы әйел хабарласып, 20-шы қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында Бестөбе кентіндегі үйінен кетіп, қайтып оралмаған немересі 21 жастағы Константин Сергеевич Повидті іздеп табуға көмек сұрады.

«Қазіргі уақытта жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оған Степногорск қалалық полиция басқармасының жеке құрамы тартылған», – деп атап өтті ведомстводан.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінен атап өткендей, жоғалған жігіттің бойы шамамен 160 см, дене бітімі орташа, көк көзді, шашы қысқа, қоңыр түсті, іш тұсында туған кезде жасалған отаның ізі (тыртық) бар. “Р”әрпін нашар айтады.

Үстіне көк түсті күзгі күртеше, қызыл түсті футболка, қызыл түсті күрте, сұр түсті трико, ақ жолағы бар қара түсті шәпкі, көк түсті туфли киген.
«Жоғалған адамның орналасқан жері туралы қандай да бір мәлімет болса, 8(7162) 72-32-98 телефон нөмірі немесе 102 желісі бойынша хабарласуды сұраймыз», – деп толықтырды ведомстводан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар