Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Мұғалім күнімен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Мұғалім күнімен құттықтауы

Құрметті білім саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Мұғалім – бұл жай ғана мамандық иесі емес, ол – адал, әділетті де бар асыл қасиеттерді бойына жиған жан. Сіздер өздеріңіздің жанқиярлық және қажырлы еңбектеріңізбен, үнемі шығармашылық ізденістеріңізбен мемлекеттің гүлденуіне, қазақстандықтардың жаңа буынын отансүйгіштік пен туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге, елеулі үлес қосып келесіздер.
Мемлекет бүгінде білім беру жүйесін дамытуға, педагогтардың мәртебесін арттыруға, оларды оқыту үшін жағдай жасауға көп көңіл бөліп келеді. Биыл ғана облыстың білім саласына бюджеттен 133 миллиард теңге қаржы бөлінді. Бұл қаражатқа бүгінгі күні жұмыс істеп тұрған мектептер мен балабақшалар жөнделіп, жаңа білім нысандары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жатақханалар салынуда. Жыл соңына дейін біз мектепке дейінгі 8 ұйымды ашып, 10-ын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта 3 жаңа балабақшаның құрылысы жүріп жатыр, тағы 3 балабақшаның құрылысын бастауға қажетті қаражат қарастырылды. 6 жаңа мектеп бой көтеруде, олардың 2-еуі биыл пайдалануға беріледі. Биылғы жылдың өзінде 61 білім беру нысанының күрделі және ағымдағы жөндеуіне қазынадан 4,4 миллиард теңге бөлінді, ал, соңғы бес жылда облыс мектептерінің жартысынан көбі жөндеуден өтті.
Облыс педагогтарының мәртебесі мен кәсіби деңгейін арттыру үшін де елеулі жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы біздің аймақтың 20 мыңнан астам мұғалімі коронавирус пандемиясына байланысты туындаған талаптар мен шектеулерге тез бейімделіп, бұл сыннан сүрінбей өтті.
Қымбатты педагогтар!
Біздің балаларымыздың болашағы, біздің Тәуелсіз Қазақстанның ертеңі нақ сіздердің кәсіби шеберліктеріңізге, зор рухани күштеріңіз бен даналықтарыңызға байланысты.
Сіздерге жауапкершіліктеріңіз бен педагогикалық шеберліктеріңіз, мейірімділіктеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және шығармашылық табыс тілеймін!

***

Құрметті ұстаздар!
Құрметті ұстаздар, білім беру мекемелерінің қызметкерлері,  педагогикалық еңбек ардагерлері!

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары алған білімдері мен біліктіліктері, тәрбиесі мен тәлімгерлігі үшін алғыс білдіре отырып, сіздерді барлық ұрпақтың ортақ мерекесі – Мұғалім күнімен құттықтайды!
Облысымыздың мұғалімдері әрқашан жоғары кәсіби деңгейді сақтап келді. Сіздердің арқаларыңызда белсенді, шығармашылық және жан-жақты дамыған балалардың жаңа ұрпағы өсіп келеді.
Күнделікті қиын жұмысыңыз үшін, даналық, шыдамдылық және мамандыққа деген үлкен адалдығыңыз үшін мың алғыс! Әрбір жаңа күн Сіздерге тек шығармашылық пен жасампаздықтың қуанышын, жақсы жаңалықтар мен тамаша идеяларды әкелсін. Педагогикалық әдістеріңіз жетілдіріліп, оқушылар білімді, тәрбиелі болып өссін. Оқушылардың ата-аналары сіздерге адал көмекші болсын.
Өскелең ұрпаққа заманауи білім, өз күшіне деген сенімділік беріп, бала кезінен балаларды жеңіске деген ерік-жігерге тәрбиелейтін педагогикалық еңбек ардагерлері үлкен алғыс айтуға әбден лайық. Ондаған жылдар бойы адал еңбек етіп, жас педагогикалық кадрларды даярлағандарыңыз үшін Сіздерге тағзым етеміз!
Мұрат Балпан,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар