Мемлекеттік рәміздерде ұлттық стандарттар сақталуы керек

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасының нысандарына, өлшемдеріне, дайындалуына, пайдаланылуы мен қолданылуына талаптар қоятын ұлттық стандарттар қолданылады:

– ҚР СТ 988-2007 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар»;
– ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар».
ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» стандартының бүкіл мәтіні бойынша «QAZAQSTAN» латын графикасындағы «ҚАЗАҚСТАН» сөзін жазу бөлігінде өзгеріс енгізілді. ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» 2018 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілген.
2019 жылдан бастап «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-мен енгізілген өзгерістер туралы, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасын сатып алу және ауыстыру мәселесін кезең-кезеңмен шешу қажеттілігі туралы ақпараттандыру бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде. Мониторингтік топтар лицензиаттар дайындаған Мемлекеттік рәміздерді пайдалану (сатып алу) мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға барады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін тиісті лицензия болған кезде жүзеге асырылады. Лицензиаттардың тізімі ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің интернет-ресурсында орналастырылған.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына, мемлекеттік туына белгіленген нысан, мөлшер мен техникалық талаптардың бұзылуы және заңды тұлғалардың ұлттық стандарттардың талаптарын бұза отырып, ұлттық стандарттарға сәйкес келмеуі орын алса, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін пайдалануына жол берілмейді. Ұлттық стандартқа сәйкес келмеген жағдайда Мемлекеттік рәміздер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы №862 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес ауыстырылуға және жойылуға жатады.
Мемлекеттің мемлекеттік рәміздерін пайдалану жөніндегі қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау – бұл республиканың әрбір азаматының борышы. Тәуелсіз Қазақстан азаматтарын тәрбиелеудегі негізгі бағыттардың бірі – өз елінің рәміздеріне деген шынайы құрмет пен ерекше көзқарас.

Ботагөз ЗҰЛҚАРНАЕВА,
Техникалық реттеу және метрология
Комитеті департаментінің
Ақмола облысы бойынша
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі –
Ақмола облысының мемлекеттік бақылау инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар