Стамбулда Ақмола облысының көрмесі өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Стамбулда өткен қазақтардың «Жаһандану өркениетіндегі қазақ әлемі» атты кіші құрылтайында «Ордалы елге 30 жыл» атты Ақмола облысы мұражайларының көрмесі ұсынылды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

«Қазақстан Республикасының Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Отандастар қоры» Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірігіп ұйымдастырған кіші құрылтайға Түркия мен Еуропа елдерінен 100-ден астам қазақ қауымдастығының, Қазақстанның мәдени мекемелері мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Кіші құрылтайдың бағдарламасында көптеген мәдени-танымдық шаралар көрініс тапты, олардың бірінде біздің Ақмола өңіріндегі мұражайлардың түрлі жәдігерлері арнайы апарылып, көрме қатысушыларға салтанатты жағдайда тарту етілді.
Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының мәлімдеуінше, көрмені ұйымдастырудың жауапты және маңызды міндеті Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қолдауымен жүзеге асты. Еліміздің Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған және қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен өмірін бейнелейтін көрме әлемнің әр түрлі елдерден келген қандастар арасында зор таңданыс пен қызығушылық тудырды. Сондай-ақ, шараға қатысқан Қазақстан Республикасының Стамбулдағы Бас консулы Алим Байель мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков ақмолалықтарға осы көрмені ұйымдастырғаны үшін шексіз ризашылықтарын білдірді.
Құрылтай қорытындысы бойынша Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай отандастар үндеуі қабылданды. Бірқатар қатысушылар «Кіші құрылтай» төсбелгілерімен марапатталды.
Асылай Қадырқызы,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар