Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа жобалар жұмыс тиімділігін арттыруда - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа жобалар жұмыс тиімділігін арттыруда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мұратбек Мусин департаменттің бүгінгі таңдағы жұмыс қорытындылары мен фискальдік әкімшілендіруді цифрландырудың барысы туралы баяндады.

Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 177,2 миллиард теңге түсті. Бұл өткен жылғы есеппен салыстырғанда, 44,3 миллиард теңгеге артық. Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерді анықтау нәтижесінде 13 миллиард 880 миллион теңге қамтамасыз етілді. Бюджетке қосымша түсімдерді Мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық жүйелерді қолдану нәтижесінде қамтамасыз етті. Бизнес процестерін цифрландыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Астана-1», «Тәуекелдерді басқару», «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйелерін кеңінен енгізуде.
Бизнесті жүргізуді жеңілдету үшін 2020 жылдан бастап «E-salyq-Azamat» «электрондық салық әмияны» мобильді қосымшасы іске қосылды. Сондай-ақ, қосымша салық әмиянын онлайн режимінде толтыру мүмкіндігін, салық төлеушінің өтінішсіз онлайн-есеп айы-
рысуды жүргізу мүмкіндігі мен төлемдерді бірыңғай бөлшектерден қабылдау және өңдеу қызметі ұсынылады. Азаматтарға салық қызметтерін мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ, электрондық түрде алуға мүмкіндік бар. Кәсіпкерлер үшін «E-Salyq-Bussines» мобильді қосымшасының таныстырылымы өтті. Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті «Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар» пилоттық жобасын іске асыру мерзімдерін ұзарту туралы шешім қабылдады. Пилоттық жоба шеңберінде «шағын сауда нүктелері» үшін тауарларға ілеспе жүқұжаттар рәсімдеу мен растау тәртібі жеңілдетіледі. Осы санат үшін жеке тұлғаларға тауарларды өткізу кезінде ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдеу жөніндегі талап алынып тасталды. Шағын сауда нүктелері үшін виртуалды қоймадағы тауарлардың қалдықтарын есептен шығару талабы жоқ. Есептен шығару тауарларға ілеспе жүкқұжаттары рәсімделген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң автоматты түрде жүзеге асырылады. Темекі өнімдерін цифрлық таңбалау Қазақстан Республикасында күшіне енген темекі өнімдерін міндетті таңбалау туралы Жарлыққа сәйкес 2020 жылдың 1 қазанынан бастап міндетті болып табылады. Қазақстанда өндірілген немесе Қазақстан Республикасына импортталған темекі өнімдері Data Matrix кодымен белгіленді. Бұл код темекі өнімдері туралы ақпаратты қамтиды. Әрі Қазақстан Республикасы бойынша темекі нарығында көлеңкелі айналымды азайту мен сертификатталмаған және сапасыз өнімдерді айналымнан шығару мақсатында жүзеге асырылды.
Бұл шаралар қаржылық орнықтылық көрсеткішін жасанды түрде арттыру мүмкіндігін болдырмау жолымен мемлекеттік сатып алуға қатысушылар арасында адал бәсекелестікті дамытып, заңсыз тауар айналымы мен көлеңкелі экономика жүйесінің пайда болуын тоқтатады.
Ілияс ӘУБӘКІРОВ.
Суреттерді түсірген
Советбек МАҒЗҰМОВ.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар