Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа – жүрегі бір

Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесіне арналған «Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа – жүрегі бір» атты тілдер онкүндігі өз мәресіне жетті. Аудандық мәслихаттың хатшысы Серік Шәуенов сөз алып, жиналғандарды мерейлі мерекемен құттықтады.

Мемлекеттік тілдің үш деңгейлі курсын аяқтап шыққан тыңдаушымыз, түрлі этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты облыстық онлайн-байқауына қатысқан мәслихат аппаратының бас маманы Татьяна Колесникова, аудандық «Еңбекшілдер жаршысы-Вести Енбекшильдерья» газетінің редакторы Василий Устьянцев өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, іс-шара барысында Тілдер орталығында оқып жүрген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік және ағылшын тілдерінде жолдаған бейне құттықтаулары, ән шашу көрініс тапты. Онкүндіктің жұмыс жоспарына сәйкес тіл мәселесімен айналысатын мамандар мен кітапханашылардың қатысуымен «Жаңа әліпбидегі жаңалықтар» атты семинар өткізілді. Іс-шарада тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлайым Ысқақова ұлт зиялысының өмір дерегінен біраз құнды дүниелерді ортаға салып, зерттеу еңбектеріне тоқталып өтті. Орталық оқытушысы Саягүл Мұхамеджанова қазақ тілі әліпбиіне негізделген латын графикасындағы соңғы жаңалықтарға тоқталып, ақырғы нұсқадағы әліпбидің өзгешелігі мен ерекшелігіне назар аудартты. Қатысқандарға латынға байланысты арнайы жасалған көмекші құралдар таратылды. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бабын жүзеге асыру, мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында Степняк қаласының көпшілік орындарында көрнекі ақпараттардың сауаттылығы тексерілді. Рейд барысында түсіндірме жұмыстарымен қатар әдістемелік көмек ұсынылды. Мәдениет және тіл саласының қызметкерлері көшедегі кездейсоқ адамдардан қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшуі бойынша ой-пікірлерін тыңдап шықты. Сот саласы қызметкерлерінің қатысуымен ағылшын тілінен сабақ, Біржан сал атындағы балалар музыка мектебінің қызметкерлерімен «Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте» ашық диктант ұйымдастырылды.
Әлеуметтік желілерде «Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім» бейнепоэзия минуты, бейнеқұттықтаулар, «Маған қазақша сөйлеу ұнайды» челленджі орналастырылды. Облыс орталығындағы тілдер мерекесінде Степняк қаласының №1 ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Айжан Ешімтаева марапатталып, арнайы ұйымдастырылған тіл мәселесінде қол жеткізген жетістіктер бойынша көрмеге біздің аудан да өзінің сүбелі үлесін қосты.
Қазақстан халқы Тілдері онкүндігінің жабылу салтанатына ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары жиналды. Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Достанбек Есжанов мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту жолында еңбек етіп жүрген қызметкерлерді және онкүндік аясында өткен іс-шараларға белсене араласқан тұлғаларды Алғыс хаттармен марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті.
Анар ШӨКЕНОВА,
Біржан сал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар