Ақмола облысының жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жаңа форматта талқылады

Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру шеңберінде Ақмола облысында жастар қозғалысы өкілдерінің және аймақ студенттерінің қатысуымен TEDx және печа-куча форматтарындағы кездесулер өтті.

Іс – шараның мақсаты – өскелең ұрпақ арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасын құру.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың қыркүйек айында өңірдегі колледждердің 300 студенті үшін «Қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру» TEDx онлайн-конференциясы өткізілді, онда спикерлер ретінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және комплаенс орталығының өкілдері сөз сөйледі.

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі халықаралық тәжірибені, сондай-ақ парасаттылық мәдениетін дамытудың өзекті құралдарын талқылады.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы жастар ұйымдары көшбасшыларының және студент жастардың қатысуымен TEDx «Таратуға лайықты идеялар» онлайн-кездесуін ұйымдастырды.

Айта кетейік, TEDx форматы қатысушылар пайдалы ақпарат, пікір, жаңалықтар мен идеялармен алмасатын конференциялар мен кездесулер өткізуді білдіреді. Мұндай форматтағы іс-шаралар түрлі қызмет салаларының мәселелерін қамтуы мүмкін.

Одан басқа, Сонымен қатар, Степногорск қаласының колледжінде печа-куча (PechaKucha) форматында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» диалог алаңы өткізілді. Бұл – нысаны мен ұзақтығы бойынша арнайы шектелген презентациялар мен баяндамаларды ұсыну және талқылау.

Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша қатысушылар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен идеяларды әзірледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар