Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тілге құрмет елдігімізден басталады - АРҚА АЖАРЫ

Тілге құрмет елдігімізден басталады

Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесі – барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында тілдер күнін атап өту мақсатында 2021 жылдың 6 қыркүйегі мен 16 қыркүйегі аралығында Жарқайың ауданында Тілдер онкүндігі өткізілген болатын.

Онкүндік аясында 112 түрлі іс-шара өткізілсе, оның 66-сы аудандық деңгейдегі ірі шаралар болды. Онкүндікке ауданда барлық мемлекеттік мекемелер, білім мекемелері, қоғамдық ұйымдар мен ведомстволық ұйымдар белсенді ат салысты. Онкүндіктің салтанатты ашылуы дөңгелек үстел, ақпараттық сағат, тақырыптық көрмелер, салтанатты жиындар, бейнеқұттықтаулар форматтарында өткізілді. Әр күні өткізілген шаралар жаңа форматта, жаңа технологиялардың пайдалануымен әзірленіп, өте жоғары ұйымдастырылды деп атап кеткен жөн. Бұл шаралар заманауи көзқарас пен жаңа идеяларға толы әрі қызықты болды.
Аудандық деңгейде жергілікті ақындар мүшәйрасы, өзге ұлт өкілдері арасында «Әнім сенсің, туған жер!» атты вокалдық байқау, тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары арасында «Тәуелсіздік – тәу етер басты байлығым» атты эссе байқауы іске асырылды. «Мен қазақша сөйлеймін» атты өзге ұлттардың өкілдеріне арналған республикалық байқауға үн қостық. Жергілікті тұрғындар облыстық қаламгерлер, авторлық өлең мен ән байқауларына қатысты.
Онкүндіктің жабылуы биыл дөңгелек үстел форматында өткізілді. Аталған іс-шарада онкүндіктің қорытындысы шығарылып, мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып келе жатқан тіл жанашырлары, аудандық байқаулар мен облыстық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды.
Берекесі мен бірлігі жарасқан көп ұлтты халқымыздың мерекесі – Қазақстан халқының тілдері күні біздің ауданымыздың тұрғындары үшін аса маңызды мерекелерінің біріне айналды. Жыл сайын бұл мерекеге тұрғындардың қызығушылықтары, белсенділіктері арта түсуде. Бұл мереке – барлық ұлттарымыздың бастарын біріктіріп, татулыққа шақыратын мереке деп түйіндеуге әбден болады.

Назира Шпанова,
Жарқайың аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар