Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бай тіліміздің қадіріне жете білейікші - АРҚА АЖАРЫ

Бай тіліміздің қадіріне жете білейікші

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты өз мақаласында қазақ тілін білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы, тіпті міндеті деп те айтуға болатынын жеткізді. 5 қыркүйек елімізде Қазақстан халқының тілдері күні деп белгіленуіне орай ауданымызда аудан әкімінің қаулысымен 6-17 қыркүйек аралығында тілдер онкүндігі жарияланып, іс-шаралар жоспары бекітілді.

Оған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Тілдерді оқыту орталығы, барлық кітапханалар мен мектептер, балабақшалар атсалысып, Қазақстан Рес-публикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған 50-ге тарта іс-шара өткізді. Басты мақсатымыз мемлекеттік тіліміздің даму аясын кеңейту болып табылады.
Тілдер мерекесінің онкүндігі К.Күмісбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты түрде ашылды. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Сыздыкованың құттықтау сөзімен басталып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жолында өз үлесін қосқан тіл жанашырлары марапатталып, онкүндіктің жоспарымен таныстырылды. Салтанатты жиын аудан көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасына ұласты.
Тіл мерекесінде А.Байтұрсынов, А.Бөкейханов, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев сияқты қазақтың айтулы тұлғаларының өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналған тарихи-танымдық сабақтар мен көрмелер және тағы басқа тәрбиелік шаралар өткізілді.
Аудан бойынша өткізілген іс-шаралардың ең негізгісіне тоқталып өтсек, үш тілді жетік меңгерген жас-тар арасындағы «Тіл шебері» байқауы, «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім!» атты танымдық сабақ, «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты көркемсөз оқу байқауы, «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты поэзиялық кеш, оқушылар арасында «Тіл – Қазақстан халқының рухани байлығы» атты конференция, «Бала тілі –
бал» атты мәнерлеп оқу сайысы, «Тіл – достық мәйегі» атты ұлттар фестивалі, «Атаның сөзі – ақылдың көзі» атты сайыс, Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына орай «Дала жұлдызы – Ыбырай» атты танымдық сабақ, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты поэзиялық кеш және тағы басқаларын атап өтуге болады. Бұлардың қай-қайсысы да ана тіліміздің тұғырын бекемдеп, абыройын асқақтатар айтулы шаралар.
Тілдер мерекесінің «Көкшетау» мәдениет сарайында өткен қорытынды жиынында ауданымыздан Сабынды ауылының тұрғыны Гуляк Рена марапатталды. Сөз соңында халқымыздың даңқты перзенті Бауыржан Момышұлының нақыл сөзімен айтсақ, қазақ тілі сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл. Осы асыл қазынамыздың қадіріне жете білейікші.
Пания ХАЛЫМ,
Қорғалжын аудандық
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар