Тіліңді біл, тіліңді сүй, құрметте!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бейжай қарамаймыз» деп атап көрсетілді. Жалпы Қазақстан көпұлтты мемлекет екені мәлім. Әр ұлттың тілі, ділі басқа.

Өздерінің ана тілі бола тұра, Қазақстан мемлекетінде тұрып, мемлекеттік тілімізді бойына сіңіріп, салт-дәстүрімізді насихаттап жүрген өзге ұлт өкілдері де баршылық. Оларға қазақ тілінің қажеттілігін түсіндіріп, мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттыруға үлес қосып жүрген Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы Тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі мамандарын айта кетуге болады. Орталығымызда жыл сайын тіл үйренемін деушілердің саны артуда.
Жыл сайын аталып өтетін мерекелердің қатарында Қазақстан Республикасы халқы тілдерінің мерекесі де бары бәрімізге айқын. Аудан әкімі А.Қайыржанов бекіткен Тілдер онкүндігінің жоспары бойынша мәдениет үйлерінде және тілдерді дамыту бөлімдерінде, мемлекеттік мекемелерде тілге байланысты онлайн және офлайн іс-шаралар өткізілді.
«Сөз мерген» атты аудандық байқауға орыс сыныптарына қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер қатысты. Жалпы, бұл байқаудың мақсаты – мұғалімдерің біліктілігін арттырып, мамандықтарына деген сенімін молайтып, өзге ұлт өкілдеріне сабақ беруде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану.
Сонымен қатар, орталығымыздың оқытушылары тыңдаушылармен «Тіл – достық кепілі» атты ашық сабақтар өткізіп, тілге байланысты өзге ұлт өкілдеріне әр түрлі тапсырмалар беріп, оның орындалуын қадағалайды. Тілдер мерекесі болғандықтан, тек қана қазақ тілі емес, өзге тілдердің де мерекесі екені бәрімізге мәлім. Осыған орай, орталығымыздың ағылшын тілі мұғалімі тыңдаушыларға ағылшын тілін жеңіл үйренудің әдіс-тәсілдерімен бөлісіп шеберлік класын өткізді.
«Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты» деп дана халқымыз тегін айтпағаны белгілі. Мәдениет саласында еңбек етіп, мәдени шараларды ұйымдастырып, халықтың көңілінен шығу қайсарлық пен табандылықты қажет ететіні хақ. Болашақ ұрпаққа мәдениет пен өркениетті, ұлттық дәстүрді насихаттап, дәріптеу аясында түрлі іс-шаралар: кітап көрмелері, бейнероликтер, тұсау кесерлер, онлайн кездесулер, зияткерлік ойындар өткізілді. Сонымен қатар, мәдениет мекемелерінің шығармашылық қызметкерлері облыстық онлайн конкурстарға қатысты. Тілдер онкүндігінің соңғы аптасында Көкшетау қаласында тілдер мерекесіне орай көрме ұйымдастырылды. Көрмеде тілдерді оқыту орталығының жетістіктері көрсетілді.
Тілдер онкүндігінің жабылу салтанаты аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Салтанатты жиында Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Алмас Аянұлы сөз сөйлеп, тілдерді дамыту мен оқытудағы белсенді жұмыстары үшін аудан әкімінің Алғыс хаттарын, қазақ және ағылшын тілдері курс-тарын бітірушілерге сертификаттар табыс етті. Сондай-ақ, аудандық және облыстық байқауларға қатысқан жеңімпаз отбасылар марапатталды.

Ақкөл ауданының тілдерді оқыту орталығының ұжымы.

 702 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар