Сайлауалды бағдарлама бойынша жобалар толық іске асырылуы тиіс

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен өткен саяси бюро кеңесінің кезекті отырысында партияның «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының жол картасын орындау бойынша өңірде атқарылып жатқан іс-шаралардың сегіз айлық қорытындысы талқыланды.

Бюро отырысының күн тәртібіне сәйкес алдымен Ақмола облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаевтың баяндамасы тыңдалды. Оның мәлімдеуінше, 8 айдың ішінде сайлауалды бағдарламасы жол картасының көрсеткіштерін орындауға арналған облыстық, қалалық және аудандық 2 мыңға жуық жобаның осы күні 506-сы ғана аяқталыпты. 1124 жоба әлі жүзеге асырылу үстінде, 269 іс-шара жыл соңына дейін аяқталмақшы. Сондай-ақ, облыстың жол картасы бойынша 132 іс-шараның небары 25-і аяқталған, 97-сі орындалу үстінде, қалғанының уақыты келмеген. Қол жеткізілген көрсеткіштерге нақтылай тоқталған баяндамашы, агроөнеркәсіп кешені саласында жол картасының суармалы жерлер алаңын ұлғайту бойынша көрсеткіш толық орындалып, 29,5 мың гектар жерге дейін кеңейтілгенін, шағын және орта бизнес саласында жылдық жоспарға қол жеткізілгенін, 336 жаңа жоба қолға алынып, оған 5 миллиард теңге көлемінде
несиеге қаржы бөлінгенін, «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасында жылдық көрсеткіштер алдын ала орындалғанын, 48 жобаға 9,2 миллиард теңге бөлініп, бұл қаржы толық игерілгенін және тағы да басқа бөлімдер бойынша жеткен жақсы жетістіктерін атап өтті. Дегенмен, облыстың аудан, қалаларындағы жол картасының орындалуында бірқатар кемшіліктер де бар.
–Қазіргі уақытта аяқталмай қалуы мүмкін 22 жоба бойынша салалық министрліктерге бюджеттік өтінімдер жіберілді және аймақтардағы әкімдіктермен бұл нысандарды ұқсас жобалармен алмастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді Қанат Дүзелбаев.
Аудан, қала әкімдерінің баяндамалары тыңдалғаннан кейін партияның облыстық филиалының төрағасы «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының жол картасын орындау бойынша жақсы көрсеткіштерге тоқталды.
– Өткен айда өңірге «Nur Otan» партия-сы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен келіп, өндірістік нысандарды аралап, сайлауалды бағдарламаның индикаторларын орындау бо-йынша кеңейтілген кеңес өткізді. Жалпы, партия басшылығы өңірде жүзеге асырылып жатқан жобаларға оң баға берді, алайда, кейбір жекелеген жобалар мен іс-шаралардың орындалмау тәуекелі де айтылды, – дей келе аймақ басшысы партияның сайлауалды бағдарламаларын орындау бойынша облыс республикада алғашқы үштіктен көрініп отырғанын, дегенмен, аудан, қала басшыларының әр жобаны уақытылы аяқтауларын тапсырды. Сонымен бірге, бүгінде жүргізіліп жатқан ұлттық санаққа халықтың белсенді қатысуы қажеттігін тілге тиек етті.
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар