Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сыбайлас жемқорлықты қоғам болып бірлесіп қана жеңе аламыз - АРҚА АЖАРЫ

Сыбайлас жемқорлықты қоғам болып бірлесіп қана жеңе аламыз

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының «Азаматтардың мүдделерін қорғайтын әділ және тиімді мемлекет» 4-жалпыұлттық басымдықтың 4-міндеті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық саясаты болып көрініс тапты.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында да атап өтілгеніндей, ақпаратқа кедергісіз қол жеткізу үшін қажетті жағдайлар жасау барлық мемлекеттік органдар мен әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті болуға тиіс. Бұл ретте ақпаратқа қолжетімділік дербес деректердің және заңмен қорғалатын құпияның қорғалуын барынша қамтамасыз етуі тиіс. Мемлекеттік аппарат қызметінің ашықтығы мен транспаренттілігі, сондай-ақ ақпаратты барынша ашу мен алмасу сыбайлас жемқорлықты айтарлықтай төмендетуге ықпал етуі тиіс.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді, оның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын құру болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттерін бұлжытпай орындауға, өз тарапынан мемлекеттік қызметке кір келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу, еңбек тәртібін, жалпыға бірдей белгіленген моральдық-этикалық нормаларды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға тиіс.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс.
Егер мемлекеттік қызметшінің дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға және (немесе) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (одан әрі – басқарма) әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық мақсаттарын, басымдықтарын және негізгі бағыттарын, облыстың бюджет саясатын, ауылдық аумақтарды дамытуды, жергілікті инвестициялық жобаларды қалыптастыруды жоспарлау және қалыптастыру жөніндегі жергілікті уәкілетті орган болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру шеңберінде басқарма сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау жөніндегі тиісті іс-шаралар жоспарын бекітті. Оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндіру жұмысын және Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілетін өзгерістерді жүргізу, басқарма қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (МОИРБП) облыс бюджетінің жоспарлы көрсеткіштері, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, облыс аумағын дамыту бағдарламасын орындау, «Дип-
ломмен – ауылға!» жобасын іске асыру және т.б. туралы басқарма ақпараты орналастырылады.
МОИРБП-да басқарманың «Онлайн-қабылдау» бөлігінде азаматтар өздерін қызықтырған тақырыпқа сұрақ қоюға, қабылдауға жазылу, өтініш жазуға болады. Сондай-ақ, электрондық үкімет порталы арқылы өтініш жазуға мүмкіндігі бар.
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін басқарманың Әдеп жөніндегі уәкілі жүзеге асырады. Басқарманың Әдеп жөніндегі уәкілі туралы ақпарат мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған.
Осылайша мемлекет жүргізіп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлықты алдын алуға, мемлекет пен қоғам арасында сындарлы диалог құруға ықпал етеді.
Қанат ДҮЗЕЛБАЕВ,
Ақмола облысы экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар