Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жемқорлық жанға батқан мәселе болып тұр - АРҚА АЖАРЫ

Жемқорлық жанға батқан мәселе болып тұр

Өңіріміздегі діни және этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша семинарлар болып өтті.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен семинарда, оған қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттары түсіндірілді. Сондай-ақ, семинар барысында парасаттылық идеологиясын, жалпы адамгершілік мұраттарын, патриотизм мен азаматтардың бірлігін қалыптастыру шеңберінде түрлі діни ұйымдар мен этностар өкілдерінің өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Семинарда атап өтілгеніндей, Қазақстан көп ұлтты және көп конфессиялы мемлекет бола отырып, діндер мен ұлттардың жаһандық диалог алаңы болып табылады. Онда өзара қарым-қатынастар түсіністік пен келісімге, сенім мен құрметке негізделеді. Сондықтан, мемлекетпен де, азаматтық қоғаммен де осы салаға үнемі назар аудару маңызды.
Семинарға қатысушылар сындарлы пікірталас барысында пікір алмасып қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және адалдық пен парасаттылық құндылықтарын сіңіруге бағытталған түсіндіру іс-шараларын өткізуге дайын екендіктерін де білдірді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар