«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі»

Еліміздің аймақтарында осындай тақырыппен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған марафон өтіп жатыр. Таяуда Жақсы ауданының шалғайда жатқан Терісаққан мен Қазақстан ауылдарында да осы бір игі іс-шара жалғасын тапты.

Ағымдағы жылдың 1 қазанында еліміздің түкпір-түкпірінде бастау алған тағылымы мол танымды іс-шаралар отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халық қолөнерінің элементтерін сақтау және көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Терісаққан мен Қазақстан ауылдарында өткен мәдени іс-шаралар барысында жәрмеңке, кітап көрмесі, қолөнер бұйымдар көрмесі, аудан және ауыл өнерпаздарының қатысуымен концерттер, бауырсақ пісіру рәсімі болып өтті. Жиынға қатысқан ауыл тұрғындары әсем ән мен тәтті күйге бөленіп бір серпіліп қалды. Қазаны қайнап, дастарханы жайнап ел халқы емен-жарқын сауық құрды. Ауыл еңбеккерлері де өз өнімдерін арзан бағамен саудалап, жәрмеңкеге қатысқан жұртты қуантты.
Қазақи қасиеттер, ұлттық құндылық тұнған ауыл – қазақтың алтын бесігі, тағылымды тәлім-тәрбиенің ортасы. Жан жадыратар осындай жарқын бастамалардың ауылдан бастау алғаны құптарлық.

Ұлмекен ШАМЕНОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар