Елорданың іргесіндегі ауылдарда жаңа әлеуметтік нысандар ашылды

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы шеңберінде Аршалы ауданының Жібек жолы және Бұлақсай ауылдарында балабақша мен футбол спорт алаңы ашылды.

Жібек жолы ауылында ашылған «Дана» жаңа балабақшасы 46 орынға шақталған. Екі қабатты, аумағы 220 шаршы метр нысан «Жол картасы – 2021» әлеуметтік даму бағдарламасы шеңберінде салынған. Ғимаратта 1,5 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың дені сау болып дамуы үшін барлық жағдай жасалған.
Бұлақсай ауылында ашылған футбол спорт алаңы негізгі орта мектеп аумағында орналасқан. Нысан «Бұлақсай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаражаты есебінен салынған.

Серіктестік құрылтайшысы Әлібек Тоқбаевтың айтуынша, ауылдық округте бұқаралық спорт белсенді дамып келеді, енді жастар мен балаларға арналған демалыс орын ашылып отыр.

«Біз ауа-райы жағдайында ең оңтайлы шешім жасанды алаң салу қажет деп шештік. Мұндай жабынды алаңда жыл мезгіліне қарамай ойнай беруге болады. Ондағы шөпті кесу және шабу қажет емес, құрғатпайды, қатты жаңбырдан кейін нашарламайды. Футбол алаңының көлемі – шағын футбол үшін қысқартылған. Футбол алаңының айналасына ені 1,5 метр қиыршық тас төселген. Болашақта жарық шамдарын орнату жоспарлануда», – деді Әлібек Тоқбаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар