Биылғы жылғы қазанның 20-да түнгі сағат 23:53 Зеренді аудандық ПБ кезекші бөліміне Айдабол ауылының 36 жастағы тұрғынынан Сандықтау ауданының Құмдыкөл ауылында тұратын әкесі 1955 жылғы Қайыржан Баржақсымұлы Баялин және анасы 1954 жылғы Алтынай Балтақожықызы Баялинаны іздеп табуға көмектесу туралы өтініш түсті.
Ерлі-зайыптылар қазанның 20-да Зеренді ауданының Қошқарбай ауылына дала жолдарымен бет алған және Зеренді ауданының Викторовка ауылының маңындағы орман алқабында адасып кеткен. Олар сынған «Хонда автокөлігін орман ішінде қалдарып кеткен. Жоғалған адамдарды іздеуге Зеренді және Сандықтау аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы бағытталған. Іздеуге жергілікті тұрғындар, еріктілер де тартылды.
Жоғалған азаматтардың орналасқан жері туралы қандай да бір мәліметке ие адамдар болса, «102» телефоны арқылы хабарласуына болады.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.