Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді - АРҚА АЖАРЫ

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді

Ақмола облысының әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Ермек Маржықпаев бейсенбі күні бейнебайланыс форматында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.

Парламент депутаттары, Ассамблея мүшелері, облыс әкімдері, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан отырыста Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері талқыланды. Жиын барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанай және тағы басқалары сөз сөйледі. Өмірзақ Шөкеев өз сөзінде киелі Түркістан өңіріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық қызметі туралы тарқатып айтып берсе, республикалық Аналар кеңесінің төрайымы өзі жетекшілік ететін қоғамдық қызметтің құрылымына тоқталып өтті.

Нәзипа Шанай елімізде 800-ден аса отбасы түрлі эностардың балаларын тәрбиелеп отырғандығын баса айтып, мысал ретінде Қостанай облысындағы Алтынсарин кентінде тұрып жатқан Төлегеновтар отбасын тілге тиек етті. Бұл отбасында 12 бала тәрбиеленіп жатыр. Олардың алтауы – қазақ, үшеуі – орыс, ал, екеуі – татар болса, бір бала – башқұрт ұлтынан.

Жиында сөз сөйлегендер ұлт тәрбиесіне қатысты қоғамның өзекті мәселелерін де ортаға салды. Атап айтсақ, өскелең ұрпақтың әлеуметтік желіге тәуелділігі, кибербуллинг, көп балалы аналарды әлеуметтік қолдау, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру сияқты тағы басқа көкейтесті мәселелер тақырып өзегіне айналды.
Кеңейтілген отырыс барысында Ақмола облысының поляк этномәдени бірлестігінің төрайымы Наталья Нагачевская да сөз сөйлеп, балалардың бойында елжандылық, патриотизм сияқты абзал қасиеттерді қалыптастыру үшін өзіндік ықпалын тигізетін идеяларды ортаға салды. Қазіргі балалар интернетке тәуелді, осыны дұрыс бағытта пайдалануымыз керек деген ол алдағы уақытта Tik Tok әлеуметтік желісінде «Біздің елдің тарихы» атты жобаны қолға алуды ұсынды. Сонымен қатар ол елімізде балалар театр-лары жанданса деген ойды баса айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде балалар спортын жаппай дамыта отырып, әр өңірде балалар театр-ларын ашу мәселесіне де назар аудару керектігін атап өтті.
– Мен барлық ұсыныстармен қатар, «Біздің елдің тарихы» Tik Tok жобасын да қолдаймын. Бұл жақсы жоба. Қазіргі уақытта жастардың көпшілігі Tik Tok пен Instagram секілді желілерде көп уақытын өткізеді, бұл өмір шындығы. Біз де жас-тармен бір толқында болып, балалардың көңіл-күйіне, мәдениеті мен тәрбиесіне оң әсер етейік,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, жиында сөз сөйлеген ел Президенті этносаралық негізде кемсітушілік пен жанжалдарға жол бермеу, бейбітшілік пен келісімге көлеңке түсіретін әрекеттерді болдырмау қажеттігіне баса назар аударып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен мемлекеттік органдардың қоғамдағы бірлік пен келісімді қамтамасыз ету саласындағы қызметі мен басты басымдықтарға тоқталып өтті.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ.
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген
Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар