Есіл ауданында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны өтті

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде қолға алынған «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны бұл жолы Знаменка ауылында жалғасын тапты.

Шара барысында ауыл тарихына арналған көрмелер ұйымдастырылды, аудандық мәдениет үйі әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт және ауылдың еңбек сіңірген қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Шарада ауыл әкімі еңбек ардагерлері, ауыл еңбеккерлері, ауыл шаруашылығының озаттарын құттықтады.
«Көп жылдар бойы өз күш-жігерін аямай, ауыл мен ауданның әл-ауқатын арттыруға ұлес қосқан жерлестерімізге ерекше алғысымды білдіремін. Біз оларды мақтан тұтамыз!», – деді Знаменка ауылының әкімі Рүстем Бірлесұлы.

Ауыл тұрғындары мерекелік бағдарламаға белсенді қатысты. Жиналғандарға ұйымдастырушылар дастархан жайып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында белсенді ауыл тұрғындары Алғыс хат және грамоталармен марапатталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар