Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында «Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы жүзеге асырылуы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында «Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы жүзеге асырылуы

Ақмола облысында Елбасы Н. Назарбаев Қорының «Ел Үміті» бастамасының білім беру жобалары: «Елбасы медалі» бағдарламасы, «Мың бала» ұлттық олимпиадасы, «Birge Oqý» онлайн-мектебі және «Qabilet қызметі» жобасы табысты іске асырылуда деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

«Ел үміті» бастамасы — ауыл жастары үшін әлеуметтік лифтілер жүйесін құруға, дарынды оқушыларды анықтап, қолдауға, ауылдық жерлердегі жас балаларды шығармашылық, білімқұмар және креативті өмір сүруге ұмтылатын белсенді азамат болуға ынталандырады.

«Елбасы медалі» — жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама.
2021 жылы Ақмола облысынан 574 қатысушы тіркеліп, олардың 101-і қола медалімен және 1 қатысушы күміс медалімен марапатталды.
«Биылғы жылы олимпиадаға қатысқан Ақмола облысының 15 түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуде және «Елбасы медалі» жобасында жоғары балл жинап, тегін оқуға мүмкіндік алды. Жоба 2020 жылдың маусым айында басталды және қазіргі уақытта бағдарламамен Ақмола облысынан 600-ге жуық қатысушы қамтылды»,-деп бөлісті білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова.

Бүгінде «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының 8 қызметкері Алматы қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры базасында оқудан өтті және болашақта өңірлік орталығы базасында қызмет көрсетеді.

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында «Qabilet» кабинеті дайындалып, жабдықталды.
Айталық, Ақмола облысынан «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына 7163 өтінім қабылданып, оның 6486 тестілеуге жіберілді. I кезеңге 6486 оқушы қатысты, екінші кезеңге 263 оқушы өтті. 51 оқушы жеңімпаз атанды. Екінші жыл қатарынан 10 оқушы «Мың бала» олимпиадасының жеңімпазы атанды.
Барлық жеңімпаздарға әрі қарай білім алу және дағдыларды дамыту үшін «Birge Oqý» онлайн — мектебіне тегін қолжетімділік берілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар