«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 ж. 27 қазанында «Жыл отбасы» облыстық сырттай байқауы өтті. Іс-шара отбасы институтын нығайтуға, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Аталған іс-шараға облыстың 19 ауданынан (қалала) аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысушылар өз жұмыстарында отбасының, баланың дүниеге келу тарихын, алғашқы жетістіктерін, жеңістерін, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлердің дамуын ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздары анықталды:
1 орын — Шортанды ауданы Бозайғыр ауылынан Махшанай Өмірдостың отбасы;
2 орын — Целиноград ауданы Ынтымақ ауылынан Хурмет Дәуренбектің отбасы;
2 орын — Аршалы ауданы Аршалы кентінен Медет Берікбайұлы Сейдабзаловтың отбасы;
3 орын — Сандықтау ауданы Максимовка ауылынан Кулис Сергей Юрьевичтің отбасы;
3 орын — Степногорск қаласы Қарабұлақ ауылынан Бауыржан Сейлханұлы Оразалиннің отбасы;
3 орын — Жақсы ауданы Жақсы ауылынан Аслан Кеңесбекұлы Жақсыбаевтың отбасы.
Байқау қатысушылары мен жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының грамоталарымен, дипломдарымен және ақшалай сертификаттарымен марапатталады.