Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында Үздік хореографиялық ұжым анықталды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында Үздік хореографиялық ұжым анықталды

Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы Атбасар қаласының аудандық мәдениет үйінде 2021 жылғы 27-28 қазан күндері «Рухани қазына-2021» республикалық фестивалінің «Қазақстанның мәдени астанасы» іс-шаралар жоспары және «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Биле, жастық!» облыстық байқауын өткізді.

Шығармашылық байланысты дамыту, көркемөнерпаздар ұжымдары жетекшілерінің кәсіби деңгейін арттыру, тәжірибе алмасу және хореографиялық өнердің барлық жанрларын танымал ету байқаудың басты мақсаты болып табылды.

Өнер додасына Ақмола облысының аудандары мен қалаларынан 15 көркемөнерпаз хореографиялық ұжымы қатысты.

Сайыстың бірінші туры – онлайн, екіншісі офлайн форматта өткізілді.
Хореографиялық ұжымдар екі композициядан тұратын бағдарлама ұсынды: халық биі және өз қалауы бойынша бір би.

Үздік хореографиялық ұжымдардың өнері гала-концерт бағдарламасына енгізілді.
Көкшетау қаласынан келген «Асыл мұра» халықтық хореографиялық ұжымы Бас жүлде иегері атанды.

Жүлделі бірінші орынды «Қазына» би ұжымы, Қорғалжын ауданы иеленді. Екінші орынға «Молодость» халықтық би ансамблі, Атбасар ауданы ие болса, үшінші орынды «Оқжетпес» би ұжымы, Бурабай ауданы місе тұтты.

Атбасар ауданының «Родничок» халықтық би ансамблі Арнайы жүлдемен марапатталды.

Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар