Қазгидромет 29 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
29 қазан Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертеңгі уақыттарда тұман болады. Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың шығысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде тұман болады.
29 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз 29, тәулік бойы 30 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады.
29 қазанда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында онтүстік-батыстан соғатын жел, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Таңертең және күндіз 29 қазанда Қостанайоблысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде және күндіз 29 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман күтіледі.
29-31 қазанда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат