550 үміткердің арасынан топ жарды

Нұр-Сұлтан қаласында «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» республикалық форумы өтіп, оған біздің «Көкшетау Энерго» ЖШС орталық релелік қорғау, автоматика және өлшеу қызметінің жетекші инженері Әділбек Әшімов та қатысып, жүлдегер атанды.

Ол «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясында жүлделі 2 орын алып, 500 мың теңге сомасында ақшалай сертификатпен және дипломмен марапатталды. Жалпы, бұл жүлделі орындар үшін Қазақстан бойынша 550 қатысушы өз бақтарын сынады.

Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында «Еңбек жолы» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп, онда да Әділбек осы номинация бойынша 1 орынға ие болған еді. Сол жолы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев салтанатты түрде Әділбекке 50 мың теңге сомасындағы диплом мен сыйлық сертификатын табыс етті.

Әділбектің кәсібі тар бағытты болып табылады, ол электромеханикалық релемен, микропроцессорлық технологиямен және автоматиканың әртүрлі түрлерімен, сондай-ақ, өлшеуіш аспаптармен жұмыс істейді. Әділбек тәжірибесі аз инженерлердің жұмысына да үлкен жауапкершілікпен қарайды. Ол сонымен қатар, кәсіпорынның тексеру зертханаларында ішкі аудитор болып табылады. Оның жұмысында көбінесе стандартты емес ойлауға және қиялды қосуға тура келеді. Ол өз мамандығын медицинадағы хирургтың жұмысына ұқсатады.

Бос уақытында Әділбектің хоббиі – кітап оқу және қысқы спорт түрлерімен, соның ішінде негізінен, конькимен және шаңғымен айналу. Ал, сүйікті ғалымы, электромагниттік индукция құбылысын ашқан Майкл Фарадей. Бір таңқаларлығы, осы жаңалығын дүниеге әкелерде, оның математикалық білімі атымен болмаған. Міне, өзі үшін осындай ғұламаларды үлгі тұтатын Әділбек Әшімов кәсіпорындағы болашағынан үміт күтетін жас мамандардың бірі болып табылады.

Еркін Сейітов,
«Көкшетау Энерго» ЖШС-інің баспасөз қызметінің жетекшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар