«Туған елге тағзым» жобасы аясында Көкшетау қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тәрбиеленушілері бір апта бойы туған өлкенің тарихын Ақмола облысының жергілікті кәсіпорындары, мұражайлары мен курорттық аймақтарының тарихы арқылы зерттеді. Бұл «Назарбаев зияткерлік мектебі» автономды білім беру ұйымының ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді зерттеуге бағытталған ең ірі жобаларының бірі болып табылатын зерттеу-өлкетану экспедициясы.
Экспедицияларға әр зияткерлік мектептен оқу, шығармашылық, спорттық және басқа жетістіктері үшін іріктелген «Жылдың үздік шаңырағы» байқауының жеңімпаздары жыл сайын қатысады. Экспедицияның ерекшелігі Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында Қазақстан аймақтарымен танысу және зерттеу жүргізу үшін бағдарлармен алмасу болып табылады.
Биылғы оқу жылында оқушылардың өлкетану экспедициялары өз өңірлерінің ішінде өтуде. Экспедицияның алғашқы күнін жас өлкетанушылар өлкенің көне мәдени мекемелерінің бірі болып табылатын тарихи-өлкетану мұражайына барды. Бүгінгі таңда облыстық мұражай өлкенің тарихы, археологиясы, этнографиясы, табиғаты мен мәдениеті бойынша 83 000-нан астам экспонаттарды құрайды.
Мұражай жетекшілері тарихи жәдігерлер жайындағы деректермен тереңірек бөлісті. Содан соң жас зерттеушілер Майбұлақ тауына жол тартты. Қызықты және танымдық экскурсиядан кейін 8 сынып оқушысы Қазикәрім Бекзат саяхаттан алған әсері тамаша екендігін айтты.
«Бүгінгі күні көптеген эмоциялар сезіндім. Көңіл-күйім қатты көтерілді. Мұражайға барғанда әр дәуірдегі қандай оқиғалар болғаны жайында естідім. Панорамаларды, қазбаларды, динозаврлардың сүйектерін көрдім. Бұл мені қатты таңқалдырды. Осы саяхат маған көп жақсы әсер беріп, жақсы көңіл-күйдемін», — дейді Қазикәрім Бекзат.
«Туған елге тағзым» экспедициясының екінші күнін оқушылар «Болашақ сарайына» барумен бастады. Балалар заманауи технологиялармен жабдықталған ғимараттың игіліктерімен, өнер және спорт үйірмелермен танысып қайтты.Экспедицияның келесі күнібалалар Бурабайға аттанды. Қазақстандық Швейцарияның тау, жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы аңыз-әңгімелерін естіп қана қоймай, табиғатта тамаша демалып, қармен ойнап қайтты.
Көкшетау қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «Туғанелге тағзым-2021» экспедициясының 4 күнін «Кітапты тап» ойынынан және «Любимая первая страница» жобасының әдістемесі бойынша мәтінді талдаудан бастады, содан кейін балалар Мәлік Ғабдуллин мұражайына барды. Оқушылар М.Ғабдуллиннің мектеп жылдары, оның ҚазПИ-дегі оқуы туралы баяндайтын тұрмыстық заттарға, портреттерге, фотосуреттерге қызығушылық танытты. Ғалымның әдеби және ғылыми еңбектері, соғыстан кейінгі жылдардағы марапаттары, құжаттары оқушыларға үлкен әсер қалдырды. Осыдан кейін Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары сүт өнімдерін шығаратын ЖШС «Гормолзавод» кәсіпорнына барып, қайта өңдеу, түрлі сүт өнімдерін дайындау процесін көріп, табиғи сүттен жасалған ескі кеңестік рецепт бойынша балмұздақтың дәмін татып көрді.
«Туған елге тағзым-2021» өлкетану-зерттеу экспедициясының соңғы күнін оқушылар флешмобтан бастап, кейін квест-ойынынымен жалғастырды. Квест барысында балалар станциялармен жүріп, тапсырмалар орындады. Тапқырлық бойынша станцияда жұмбақтар, мақал-мәтелдер тауып, физикалық жаттығулар жасап, кинофильмдерден қызықты деректерді білді.