Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аң мен балық аулауға шыққанда сақ болған жөн - АРҚА АЖАРЫ

Аң мен балық аулауға шыққанда сақ болған жөн

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев өңірдің су айдындарында аң мен балық аулаудың күзгі маусымы кезінде қайғылы жағдайларға жол бермеу шараларының барысы жөнінде айтып берді.

–Жалпы, Ақмола облысы аумағында демалу мен балық аулау үшін пайданылатын бес жүзден астам су айдыны бар. Оларды күн сайын бақылап, қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік жоқ, – деген департамент бастығының орынбасары азаматтарға қауіпсіздік ережесін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізуге тырысатындарын айтты.
–Бүгінгі күні облыс бойынша төрт қайғылы оқиға тіркеліп, Атбасар, Астрахан, Зеренді мен Целиноград аудандарының Жыланды, Қалқұтан, Заречный, Жарлыкөл өзен-көлдерінде 5 әуесқой балықшы суға кетті. Жарлыкөл көлінде бірден екі балықшы қайғылы қазаға ұшырады. Төрт адам екі қайықпен балық аулаған екен. Кешке қарай екеуі кейін қайтып, аударылып қалған қайық пен бір адамды көреді. Екінші балықшыны келесі күні Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері алып шықты. Соттық-медициналық сараптама тағайындалып, жағдай анықталуда. Осы төрт қайғылы оқиғада да қайықтағы қауіпсіздік ережесі сақталмағандықтан, адам өліміне жол берілді. Балық аулау кезінде олар құтқаратын жилет кимепті,–деді Қанат Доспаев.
Аң және балық аулау маусымы басталғаннан бері департамент қызметкерлері радиодан 468, телевидениеден 8 хабар ұйымдастырыпты. 8254 дана үгіт материалдары таратылған екен. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде 238 материал, газетте 60 мақала жарияланыпты. Төрт брифинг, полиция департаментінің аумақтық бөлімшелерімен бірге 896 рейд өткізілген. Облыс аумағында аң және балық аулау құралдарын сататын 41 дүкен, аң мен балық аулауды бақылайтын 58 егер ұйымы бар. Олармен күзгі балық аулау маусымында қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселесі бойынша қоян-қолтық жұмыс істеледі. Сондай-ақ, департамент ватцаптағы балықшылардың арнайы тобына ауа райы мен суда өзін-өзі ұстау ережесі жөнінде хабар жібереді. Одан әрі полковник көптеген аңшылар мен балықшылар қайықты пайдаланатынын айтып, ондағы қауіпсіздік ережесін тағы бір еске салды.
–Қайыққа отырмас бұрын оның ескегі, құтқарушы жилеті тәрізді өзге де құралдары бар екеніне көз жеткізу керек. Қайыққа отырғанда оның аударылып қалмауына мән берген жөн. Қайықтың ішінде жүруге, шетіне отыруға болмайды. Түнде балық пен аң аулауға шықпау керек. Мұндай адамдар өзімен бірге дәрі-дәрмек, карта, шам алып жүрулері тиіс. Аңшылар спирттік ішімдік пен есірткі заттарынан аулақ болуы тиіс. Балықшының құрал-жабдықтары мен киімдерінің орналасу тәртібі бар. Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөмірі бойынша құтқару қызметіне телефон шалу қажет,–деген облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары журналистер сауалына нақты жауап берді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар