Қаржы пирамидалары – заңсыз пайда табудың көзі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаменті басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Қуат Рақымбаев қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөнінде айтты.

Қаржы пирамидасын құру және басқару туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 217-бабында айтылған. Классикалық «қаржы пирамидасы» заңсыз табысқа иеленудің алаяқтық жүйесі болып табылады.
– Технологияның дамуы кезеңінде заңсыз және алаяқтық әрекеттер де қатар жүреді. Бүгінгі таңда қылмыстық сұлбаны құру үшін әртүрлі маркетингтік құралдар қолданылуда. Оған әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жарнама жасау кіреді. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар қылмыстық жүйені әртүрлі тәсілдер арқылы жүзеге асырады. Бұл бағалы қағаздар мен зергерлік бұйымдардың, сондай-ақ, криптовалюта мен биткоиндерді сату қызметтері болуы мүмкін. Сонымен қатар, олар бір ғана мақсатты көздейді – ол осыған сенімді азаматтарды тарту. Қазіргі уақытта, Ақмола облысының қаржы мониторингі департаменті «LV Force» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларына қатысты қылмыстық іс жүргізуде. Түрлі аймақтардағы қаржы пирамидаларының филиалдары жабылып, олардың бас-ты ұйымдастырушылары ұсталды. Салымшылардың жарналары есебінен заңсыз табыс алудың қылмыстық жүйесі азаматтарды мессенджерлер арқылы хабарлау мен тарту есесінен құрылған. Біз азаматтарды сақ болуға және қысқа мерзімде артық пайда алу туралы күмәнді ұсыныстардан аулақ болуға шақырамыз.
Егер де сізге қаржы пирамидаларын құру фактілері белгілі болса немесе сіз сыбайлас жемқорлық жүйенің жәбірленушісі болсаңыз, агенттіктердің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары арқылы немесе Ақмола облысы қаржылық тергеу департаментіне 25-14-88 телефоны бойынша хабарлауыңызды сұраймыз,– деді Қуат Рақымбаев өз сөзінде.
Ақмола облысы аумағындағы қаржы пирамидаларының заңсыз қызметтерін анықтау экономикалық тергеу департаментінің тұрақты бақылауында. Мысалы, биылғы жылы Көкшетау қаласының екі тұрғыны мен Нұр-Сұлтан қаласының тумасы Көкшетау қаласының аумағында «Алмаз» атты қаржы пирамидасын құрған. Яғни, бұл Гонконг қаласында тіркелген «River Coins LTD» компаниясы ұсынған қаржы пирамидасының бір тармағы болып табылады. Қазіргі уақытта департамент аталмыш қылмыстық іске қатысты тергеу амалдарын жүргізуде.
Алдағы уақытта бұл іс-шаралар облыс аумағындағы заңсыз қаржылық істерді тоқтатып, тұрғындардың экономикалық сауаттылығын жақсартуға жағдай жасайды деп ойлаймыз.
Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар