Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Күміс университет» – қарт адамдарға арналған жоба - АРҚА АЖАРЫ

«Күміс университет» – қарт адамдарға арналған жоба

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде 2021-2022 оқу жылында «lifelong learning» тұжырымдамасы аясында оқытудың үйреншікті форматтарын кеңейтуге және аға буын өкілдерінің өзін-өзі жүзеге асыруы үшін неғұрлым кең өріс қалыптастыруға бағытталған «Күміс университеті» тегін оқыту бағдарламасы қолға алынып отыр.

Аталмыш іс-шара мекеменің бастамасымен ұсынылды. Оның қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы Қаулысымен бекітілген және Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. «Күміс университет» егде жастағы азаматтардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін қарастыру бо-
йынша әлеуметтік қызмет көрсетудің инновациялық түрі болып келеді. Оның негізгі мақсаты – өңірдің аға буын өкілдерінің өмір сапасы мен әлеуметтік белсенділігін арттыруымен қатар, физикалық және психикалық денсаулығын нығайту болып табылады.
«Күміс университет» қарт адамдардың қазіргі өмірге сәтті бейімделуіне, өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіруіне қолайлы жағдайлар жасайды. Қарым-қатынас ортасын қалыптастыру мен дамытуды, шығармашылық әлеуетті жандандырып, өмірге деген позитивті көзқарасты сақтауды насихаттайды. Салауатты өмір салтын ұстанып, дене белсенділігінің деңгейін арттыруға жағдай жасайды. Сонымен қатар, қарт адамдары бар отбасылардағы әлеуметтік-психологиялық шиеленісті төмендетіп, оларға заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды меңгеруге жәрдемдеседі. Олардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын кеңейтуге көмегін тигізеді. Аталмыш іс-шара Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының зейнеткерлері үшін жасалды.
– Бұл жоба еліміздегі маңызды жобалардың бірі. Қазір республика деңгейінде жеті университет аталмыш бағдарламаны енгізді. Солардың бірі – біздің университет. Бұл жобаның егде жастағы адамдар үшін маңызы зор. Баршаңызды шараның ашылуымен құттықтаймын! – деді Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаев өзінің құттықтау сөзінде.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы курстар ұсынылып, және оқытушыларды таныстыру кезеңі өтті. Ағылшын, орыс, неміс тілдері, физиотерапия және емдік дене шынықтыру, өнер, компьютерлік және цифрлық сауаттылық, зейнеткерлік жастағы адамдардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасындағы рухани-адамгершілік ұлттық құндылықтар бо-
йынша курстар өткізіледі. Аталмыш іс-шаралар егде жастағы адамдардың өмір сапасын жақсартумен қатар, өмірге деген құлшынысын арттырады.
Сөйтіп, бағдарлама күміс жастағылардың белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етіп қана қоймай, әлеуметтік белсенділігі мен денсаулығының нығаюына жол ашады.
Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар